Бейсенбі, 1 Қазан 2026
Құлақтың әңгімесі 8363 0 пікір 4 Сәуір, 2014 сағат 12:32

«ЖИРИНОВСИЙДІҢ ҚҰЛАҒЫН КЕСЕМ!»

Әзербайжандағы «Жаңа Мусават» оппозициялық партиясының басшысы Хафиз Гаджиев (суретте): «Жириновсийдің құлағын  өз қолыммен кесем! Ол - Әзербайжандықтардың намысына тиді» деп мәлімдеді. «Жириновский арақ ішуді жақсы көретін, ерігіп жүрген біреу. Оның сөзінің ешқандай салмағы жоқ» депті «Жаңа Мусават» партиясының басшысы Haggin.az порталына берген сұхбатында.

Жириновский Ресей думасының мінберінен «Әзербайжан деген ұлт жоқ» деп жарияға жар салған еді.

Алматыда туып-өскен Жириновский ұзақ жылдардан бері Қазақстан туралы да халықтың намысына тиетін, мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін мәлімдемелерді жиі-жиі жасап келеді.

Жириновскийдің кезекті рет өткен айда Қазақстан жайында айтқан сөзіне ҚР СІМ Ресейге нота жолдаған. Бірақ, нотаға Ресей тарапы не деп жауап бергені әлі белгісіз...

Қазаққа қатысты Жириновскийдің  «аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып» жатса да оның «құлағын кесіп аламын!» дейтін адам Қазақстаннан әзірге шықпай тұр...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 166
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 134
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 135