Сенбі, 3 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4722 0 пікір 3 Сәуір, 2014 сағат 17:22

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ УКРАИНАҒА КӨЗҚАРАСЫ БІРДЕЙ

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов  Мәскеудегі сапары барысында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, XXI ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы келісімге қол қойды.

Екі тараптың кездесуінен кейін С.Лавров: «Украинадағы жағдайды да талқыладық. Көзқарасымыз бір: экстремистердің ісін тоқтату керек, Украинадағы жағдайды қалыпқа келтіруге жәрдемдесу, барлық аймақтың мүддесін есепке алып конституциялық реформаны қолдау қажет» деп мәлімдеген.

Өз кезегінде Ерлан Ыдырысов екі арасындағы ықпалдастық арта түсетінін айта келіп, былай деген: «Өзекті халықаралық және айматық мәселелерді талқылай келе көзқарастарымыздың бір жерден шығатынын аңғардық. Біз қос мүдде мен әлемдік қоғамдастықтың мүдделерін назарға алып мәселелерді сындарлы шешеміз».

Сондай-ақ, кездесу барысында 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақты құру және келісімшартты дайындау мен оған қол мәселелері де сөз болған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 583
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 676
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 631