Сенбі, 3 Мамыр 2025
Жаңалықтар 7019 0 пікір 2 Сәуір, 2014 сағат 17:33

ПРЕЗИДЕНТ ПАРЛАМЕНТКЕ КЕЛЕ ЖАТЫР: ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ КІМ БОЛАДЫ?

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Серік Ахметов Үкіметінің отставкасын қабылдағаны мәлім болды.

Осыған орай, бүгін сағат 18.30-да Президент Парламент депутаттарымен кездесуге келе жатыр. Президент Парламентке тегіннен тегін бас сұға бермейді, әрине. Сондықтан Ахметов үкіметінің отставкасымен қоса, бірқатар өзгерістер болуы әбден мүмкін.

Ұзынқұлақтың айтуына қарағанда, Нұрлан Нығматуллин Мемхатшылыққа тағайындалып оның орнына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қонжияды-мыс. Ал, Ахметжан Смағұлұлының орынтағы Дариға Нұрсұлтанқызына бұйырмақ. Бұдан басқа да ауыс-түйістер болып қалуы кәдік. Жаңалықтың бәрін кешкі алты жарымнан күтеміз.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 579
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 670
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 626