Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5532 0 пікір 28 Наурыз, 2014 сағат 13:16

Талғар ауданының көлік жүргізушілері наразылық білдірді

«31» телеарна тілшісі Ирина Советжанның хабарлауынша, Алматы облысы Талғар ауданының жолы сын көтермейді. Сапасыз жасалған жолдар мен шұрық тесік көшелердің салдарынан көліктері жиі бұзылатын жүргізушілер кеше талғар қаласында наразылықтарын білдірді. 

Жүргізушілердің айтуынша, осы жолдармен аудан басшылары күнделікті жүреді. Дегенмен шенеуніктердің көп сандысы жол талғамайтын көлікпен жүретіндіктен мұндай келеңсіздікті мүлдем елемейтін сияқты. Әйтпесе, қарапайым халықтың қалтасын қағып отырған ойдым-ойдым жолдарға бір уақыт назар салса керек еді. Есесіне осы мәселе бойынша пікір алуға барған журналистерді әкімшілік ғимаратына кіргізбей күш көрсеткен көрінеді.

Алматы мен Талғардың арасы бар-жоғы 20 килметрдің ар жақ, бер жағы. Бұл аралықтағы жол екі жылдың алдында толықтай жасалған. Дегенмен екі-ақ көлік қатар жүретін тар жол күн санап бүлініп барады. Ал Талғар қаласының ішіндегі жолдар жоғарыда айтқанымыздай мүлдем сын көтермейді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 853
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2247
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 572
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 548