Сенбі, 23 Қараша 2024
Өзіңе сен 4662 0 пікір 14 Қыркүйек, 2014 сағат 13:34

ҮЕҰ – ҚАБІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ЗОР РЕСУРСЫ

12 қыркүйекте Шымкент қаласында «Жастар орталығы» ғимаратында Қазақстан Азаматтық альянсының жетекшісі Нұрлан Ерімбетовтің (суретте) Оңтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйым өкілдерімен (ҮЕҰ) есептік кездесуі өтті. Күн тәртібінің негізгі мәселесі – VI Азаматтық форумның тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша Қазақстанның үкіметтік емес секторының іс-қимылын ұйымдастыру және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңдарға өзгерістер енгізу туралы Азаматтық альянстың ұсыныстарын талқылау болды.

Кездесу аясында Н.Ерімбетов Азаматтық альянстың «үшінші сектордың» дамытудағы атқарған жұмыстарын алға тартты, ҮЕҰ саласын реттейтін заңдарға ұсынымдарды ұсынды. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар заңнаманы реформалау жөнінде пікір алмасты және Қазақстанның ҮЕҰ іс-қимылдарының жалпы стратегиясына ұсынымдар әзірленді.

ҮЕҰ саласындағы жаңа заңнаманы енгізу мәселесі қызу талқыға түсті.

Аталған мәселені талқылай келе, Н.Ерімбетов мыналарды атап өтті: «ҮЕҰ қатарында миллионға жуық адам бар. Бұл өміріміздегі көптеген проблемаларды өз бетімен шешуге қабілетті қоғамның зор ресурсы. Осындай проблемалардың бірі ҮЕҰ туралы заңнама болып табылады.

Қазіргі таңда ҮЕҰ қызметінің негізін 2005 жылғы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заң құрап отыр. Ол көптеген өзгерістерге ұшырады және қазіргі уақытта 2012 жылғы редакциямен жұмыс істеуде.

Аталған заңға (2007, 2008, 2012 жылдарда) ҮЕҰ үшін мемлекеттен қаражат бөлу сияқты тек ұсақ түзетулер енгізіліп келді. Алайда, ең бастысы аталған заң өзгеріссіз қалып отыр: ол толығымен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына негізделген. Демек, тапсырыс беруші тапсырысты өзі жасақтайды, ал ҮЕҰ тапсырысты орындау бойынша қызмет көрсетеді. Сондықтан ҮЕҰ бір де бір тиынды өз дамуына жарата алмайды.

Аталған заңның негізгі кемшілігі бұл қоғамдық бастамаға кедергі болып отыр. Мұндай тапсырыс беруші – өнім беруші форматындағы жұмыс бастапқы даму кезеңінде, яғни енді ғана аяқтарына тұрып келе жатқан Қазақстанның ҮЕҰ үшін тиімді болған.

Қазір бізге әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша ҮЕҰ  өздерінің бастамаларын қаржыландыра алатын заң қажет. Өйткені біз Сіздермен бірге халық арасында жұмыс жасап отырғандықтан халықтың барлық ірілі-ұсақты проблемаларынан хабардармыз.

Осы мәселелерді Азаматтық альянс өткен жылы қараша айында Азаматтық форумда көтерген болатын. Бір жыл ішінде біз өңірлерде көптеген жұмыс атқардық және қоғамдық пікірді жинақтадық.

Біз осы уақытқа дейінгі заңнамалардың барлық өзгертулерінің жобаларын жинақтап, қорыттық. Қазір бізде ҮЕҰ үшін заңнаманың қалай өзгерту қажеттігі туралы нақты ұсыныстар жинағы бар. Ол ҮЕҰ-ның тікелей жұмыстарына пайдалы, тіпті қажет және ол тек оң сипаттағы пайымдық көзқарастарды көрсетеді.

 Біріншіден, біз ҮЕҰ үшін гранттар мен сыйақы арқылы қаржыландыру формасын енгізуді ұсынамыз. Ол ҮЕҰ бастамаларына және мемлекет тарапынан емес, қоғамның өз тарапынан әзірленген жобаларға қаражат бөлуге мүмкіндік береді. Ынтымақтастықтың мұндай түрі көптен бері шетелдерде қолданылып келеді, сондықтан бізге де осы әдісті енгізетін уақыт келді.  

Екіншіден, ҮЕҰ-ға қаржы бөлу процесіне мемлекеттік органдардың әсерін төмендету аса маңызды деп есептейміз. Осы мақсатта, барлық мемлекеттік органдардың қаражатын жинақтауға және ҮЕҰ гранттары бойынша конкурстарды өз бетімен өткізу құқығына ие арнайы дербес ұйым құру ұсынылады.

Мұндай тәсілдің маңызды пайдасы – жемқорлықтың қауіп-қатерлері төмендетіліп, тапсырыс беруші мен орындаушылардың арасындағы қарым-қатынастар ҮЕҰ-ның бастамалары мен талпыныстарына ешқандай кедергі жасамайтын болады.

         Жуырда Астана қаласында Азаматтық Альянс тарапынан әзірленген заң жобасын таныстыру рәсімі өтеді. ҮЕҰ-дың барлық өкілдерін осы жұмысқа белсене атсалысуға және біздің заңнамамызды жетілдіруге қолдау көрсетуге шақырамын».

         Кездесуге қатысқан үкіметтік емес сектордың мүшелері заң жобасы жөніндегі өз пікірлерін белсенді түрде алға тартты. ҮЕҰ үшін гранттарды енгізу жөнінде «Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры» ҚҚ тарапынан Караибрагимов Раис, «Сана сезім» ҚБ-ның төрайымы Әбішева Хадиша, «Үміт» ҚБ-ның өкілі Жақаева Гүлнар жекелеген ұсыныстар енгізді.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385