Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 7631 0 пікір 12 Қыркүйек, 2014 сағат 16:10

ҚЫЗТЕКЕЛЕР мен ГЕЙЛЕРДІ ҚҰРЫҚТАЙТЫН ЗАҢ КЕРЕК

ҮНДЕУ

Тек соңғы екі жылдың ішінде отандық БАҚ беттерінде ЛГБТ қауымының қызметіне, тұрмысына қатысты жүздеген ақпараттар жарияланған. Қазіргі таңда бұл сұрақтарды қоғамның еркін талқылауына салып, ашық пікірлер білдіру үйреншікті жағдайға айналды. Осы күні ондаған сайттар мен әлеуметтік желідегі топтар біздің елдің ЛГБТ қауымына тұрақты қызмет етуде (достастырады, табыстырады, үйлендіреді ж.т.б). Ал кейбір ән шырқайтын бағдарламалар мен арналардың төменгі жағындағы хабарламалар топтамасы қазір «гомосексуалистердің» пікір алмасу ортасына арналған. Бейресми ақпараттарға сүйенсек, тек Алматының өзінде ЛГБТ өкілдеріне қызмет ететін 14 тұрақты мекемелер бар екен (кафе, бар, түнгі клуб).

 Ол аз болғандай, 2012 жылы Алматы қаласы «халықаралық гомосексуалистермен» Орталық Азиядағы «гейлердің» астанасы атағына ие болған. Ал ЛГБТ құндылықтарын насихаттайтын ең соңғы және ең сорақы жағдай әрине, қазір атақты болып отырған постер. Бұл постер «Студия 69» деген гейлерге қызмет көрсететін мекеменің жарнамасы болу керек-тін. Дәл қазіргі нақтылықта мұны насихаттан басқа не деп айтуға болады?! Бірақ өкінішке қарай, біздің елде ЛГБТ құндылықтарының дәл осылай насихатталуына тосқауыл қоятын ештеңе жоқ, себебі ол заңда бекітілмеген.

 Біздің пайымдауымызша Европада, ЛГБТ құндылықтарының ашық дәріптелуі мемлекеттік деңгейдегі моральдық құлдырауға алып келді. Ендігі кезекте «қызтекелер» Европа елдерінде үйленіп, бала асырап, өз тойларын шіркеуде өткізуге рұқсат алған. Моральдық тұрғыдан әбден ойсыраған батыс қоғамының кейбір елдері енді тіпті инцестті (яғни ағасы мен қарындасының арасындағы жыныстық қарым-қатынасты) заңмен рұқсат етуге дайындық үстінде.

 Қоғамда азшылық болып табылатын гомосексуалистер осы күнде Европа елдерінде әруақытта көпшілік болған дәстүрлі отбасы жақтастарының құқытары мен арын таптап, қазір толық үндерін өшірген. Мәселен, Францияда дәл осындай жағдай, «қызтеке» емес көпшілік, енді гомосексуалистерге қарсы шықса тікелей экстремист деп танылмақ.

 Әрине, әрбір адамның жеке өмірі және жеке таңдауы бар. Десе де бүгінгі қазақ қоғамына мүлдем жат қылықтың еркін еніп, ел арасында ашық насихатталуына біз үзілді-кесілді қарсымыз!

Мәселен,  әлемде дәл қазір ондаған мемлекет «гомосексуалистерді» насихаттауға тиым салған. Молдованың бір бөлігінде мұндай заң 2006 жылы қабылданса, Украинада 2012 жылы, Ресейде 2013 жылы қабылданып, көрші Қырғызстанда ағымдағы жылдың басында аталмыш заң парламенттің талқысына түскен. Тіпті айтулы АҚШ-тың өзінде кейбір штаттарда «гомосексуализмді» насихаттауға тиым салынған.

 «today.kz» сайтының әлеуметтік сауалнамасының нәтижесі бойынша сауалға жауап берушілердің 90% Қазақстанға да «гомосексуализмді насихаттауға тиым салатын заң» қажет деп жауап қатқан.

 Жоғарыдағы мәселелерді ескере отырып «Болашақ» Республикалық Қозғалысы сіздерден «ЛГБТ құндылықтарын насихаттауға тиым салатын заңды» қабылдауды талап етеді. Сол сияқты бұл заңда ЛГБТ өкілдеріне бала тәрбиесі саласында, яғни балабақша, мектеп, мәдениет үйлерінде қызмет жасауға, ел қатарлы әскерге барып мемлекеттік қызметте болуға тиым салыну керек деп ойлаймыз.

«Болашақ» Республикалық Қозғалысы және Алматы қаласы қауымдастығының Қазақстан Республикасы Парламентіне «ЛГБТ-құндылықтарын насихаттауға тиым салатын» заңды қабылдауды талап етеміз!

 

«Болашақ» Республикалық Қозғалысы 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385