Қазақстандағы жаңа комитеттер
Үкіметтің 2014 жылдың 14 тамыздағы "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары ведомстволары туралы" қаулысына сәйкес елімізде жаңа комитеттер пайда болды деп хабарлайды Bnews.kz.
Ішкі істер министрлігі
• Төтенше жағдайлар комитеті
• Ұлттық ұланның бас қолбасшылығы
Өзгеріссіз қалғандары – Әкімшілік полиция комитеті, Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
• Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
• Медициналық қызметтерді төлеу комитеті
• Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті
Сыртқы істер министрлігі
Өзгеріссіз қалғаны – Халықаралық ақпарат комитеті
Инвестициялар және даму министрлігі
• Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті
• Аэроғарыш комитеті
• Көлік комитеті
• Азаматтық авиация комитеті
• Автокөлік жолдары комитеті
• Инвестициялар жөніндегі комитет
• Техникалық реттеу және метрология комитеті
• Индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
• Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
Мәдениет және спорт министрлігі
• Дін істері комитеті
• Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
• Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті
Білім және ғылым министерлігі
Қалғандары – Білім және ғылым саласын бақылау комитеті, балалардың құқықтарын қорғау комитеті, ғылым комитеті
Ауыл шаруашылығы министрлігі
• Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті
• Су ресурстары комитеті
Өзгеріссіз қалғандары – Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті, АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитеті
Қаржы министрлігі
• Мемлекеттік табыстар комитеті (Салық комитеті мен Кедендік бақылау комиетінің бірігу жолымен)
Өзгеріссіз қалғандары – Қазынашылық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қаржылық бақылау комитеті, Қаржылық мониторинг комитеті, Мемлекеттік сатып алулар комитеті.
Энергетика министрлігі
• Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті
• Экологиялық реттеу, бақылау мен мұнайгаз кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті
Ұлттық экономика министрлігі:
• Статистика комитеті
• Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті
• Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті
•Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитеті
• Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті
Абай-ақпарат