Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6138 0 пікір 19 Тамыз, 2014 сағат 15:52

АУЫТТЫҢ ХАТЫНА ҚАЛЫҢ ҚАЗАҚ ЖАҒЫМДЫ ЖАУАП КҮТЕДІ

Auyt Mukibek

Белгілі ақын, оралмандар мәселесін жиі көтеріп жүрген Ауыт Мұқибек өзінің «Facebook» әлеуметтік желідегі парақшасында кеше және бүгін Ақордаға бас сұғып дәт айтып, хат тапсырғаны туралы жазды. Ол кеше, 18 тамыз күні Президент кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбековтың қабылдауында болып, өзгертулер мен толықтырулар енгізілгелі жатқан Көші-қон заңына қатысты ұсыныстарын жеткізген. Өз кезегінде Махмұд Базарқұлұлы  Қазақ көшінің бұдан былайғы болашағынан сыр шертіп, біраз жақсы хабарымен Ауыт Мұқибекті қуантып тастапты. Ал, бүгін Ауыт Мұқибек Ақордадағы Президет кеңсесіне  ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматуллиннің атына жазылған екі ұсыныс хат дайындап апарып тапсырған. Өзінің айтуынша ол жазған хатында көп «сұрап» отырған жоқ, тек Елбасымыздың он неше күн  бұрын ғана бар лауазымдының алдында айтқан «Оралмандардың елге оралуына бар жағдайды жасаңдар» деген әмірі орындалса, қандастарымыздың  елге тезірек оралуына барлық мүмкіндіктер қарастырылса дейді. Ауыт Мұқибек сондай-ақ әуелі Алладан, сосын  «Елбасының айтқанын екі етпей» орындап жүрген Нұрлан Зайроллаұлынан үлкен үміт күтеді. Біз де етек-жеңін жинап, ықшамдалған биліктен қалың қазаққа қайыры мол болар қадамдар күтеміз.




 

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349