Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4201 0 пікір 8 Тамыз, 2014 сағат 14:17

Биыл 295 нысан жекешелендіріледі

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында ағымдағы жылдың ішінде 295 нысан сату жоспарланып отыр. ҚазАқпараттың жазуынша бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов мәлім етті.

«Тізім үнемі жаңартылу үстінде. Өйткені, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі, жергілікті атқарушы органдар сауда-саттық кестесіне толықтырулар енгізу үстінде. Бүгінгі күнгі  есеппен жыл соңына дейін 295 нысан сатылуы тиіс», - деді ол.

Э.Өтеповтің сөзіне қарағанда, биыл сатылатын нысандардың 75-і ұлттық компанияларға, 126-сы жергілікті әкімдіктерге, 75-і әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға, ал 19-ы республикалық меншікке тиесілі. Толықтыруларды қоса алғанда, қазіргі уақытта 3 жыл ішінде сатылуы жоспарланған 853 нысан бар екен, дегенмен,  бұл тізім алдағы жылдары кеңейе түспек.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377