Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4237 0 пікір 8 Тамыз, 2014 сағат 13:20

Ресейде енді ашық Wi-Fi-ға төлқұжатпен ғана қосылады

Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведев  Wi-Fi-дың ашық желілеріне бұдан былай  анонимді түрде қосылуға жол бермейтін қаулыға қол қойды, бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Қаулыда сонымен бірге, байланыс операторлары абоненттер - заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлермен бекітетін келісімшарттарға өзгерістер енгізілді. Соңғылары енді жалпы құрылғыны пайдаланушы адамдардың тізімін көрсетулері керек. Тізімде тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжат реквизиттері мен тұратын орны   көрсетілуі тиіс. Яғни бұдан былай Ресей билігі кімнің қандай ақпарат көздерін пайдаланатынын мұқият бақыламақ.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379