Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 11410 0 пікір 7 Тамыз, 2014 сағат 15:36

Бейбіт Сарыбай. Тағы да түс

Көктемдей шалқып, шалғындай майысып денем,
Тойлардан кейде үйіме шәй ішіп келем.
Талықсып жатып содан соң кетемін ұйықтап,
Ұйықтап кетсем түсімде гаишник көрем...

Иә мен жиі-жиі түс көремін. Баяғы бозбала кезімізде тәтті-тәтті түстер көруші едік. Қызбен қыдырып жүресің, сүйісіп жүресің дегендей. Қазір өңшең тұрмыстық түстер көремін. Бірдеңе іздеп, бірдеңені таппай жүремін. Туған ағам бар. Мамандығы СТОшник. Сол ылғи шаршап ұйықтайды. Сол ағам айтады. – Мен түс көрмеймін. Анда-санда бір көремін. Онда да қолымнан балға тайып кетіп, қолымды ұрып ала берем,-дейді. Мына жоғарыда келтірген өлеңім бекер айтыла салмаған. Шын мәнінде түсімде гаишниктерді жиі көремін. Бір күні түсімде гаишниктен тағы да қаштым. Ол мені тұра кеп қуды. Жеткізбей кеткенсің ғой. Таңда оянғанда 2000 теңгем қалтамда қалды ғой деп қуанып оянғансың ба... Сонымен қойшы әйтеуір әртүрлі түстер көремін. Былтырғы жылы қызды-қыздымен Елбасының қабылдауында болғанымды білерсіздер. Содан кейін кеңселерге кіруді қойғам. Жұрттар үй сұрап жүр екен деп ойлап қалар деп. Кеше тағы кірдім. Иә түсімде. Бұл жолы үкімет басының кабинетінен бірақ шықтым.
Кәрім Қажымқанұлы күліп қарсы алды. Аз-кем амандықтан соң кешегі ауыс-түйістерге бола көзқарасымды білмек болып арнайы шақырғанын жеткізді.
– Айналайын-ау, мен бір саясаттанушы емеспін ғой. Сұрасаң шет елде жүрген жерінен шақырып алып Ерлан Қариннен сұра. Ұйықтап жатқан жерінен оятып алып Әзімбай Ғалидан сұра. Менде қайбір ес бар,-дедім.
Кәрекең мұртын бір сипап алды да: - Жоқ, біз сіз арқылы қоғамның, халықтың ой-пікірін білгіміз келеді,-деді.
– Мен әлеуметтанушы да емеспін ғой, әрі-беріден соң,-дедім. Ол да қайтпайды.
- Жоқ, сіз бәрін білесіз, сізбен ақылдасуымызды халықпен ақылдасу деп санаймыз,-деді.
Әй мен де пенде емеспін бе, мақтау сөз жақты ма, жібиін дедім. Енді азамат басымды асқақтатып, халықтың өкілі деп отырса қитығып нем бар?. Содан өз көзқарастарымды білдірдім.
-Мына ауыс-түйістеріңіз, біріктірулеріңіз өте орынды. Министрліктер мен министрлерді қаптатып не қыламыз, әлі де қысқарту керек. Одан үнемделген қаржыны ел игілігіне жұмсаған дұрыс,-дедім.
- Осы қадамымыздың дұрыс екенін біліп едім,-деді алдындағы шайынан бір ұрттап қойып. Шайшылдығына қарап осының қазақпын дегені рас шығар-ау деп қоям қаға берісте қаңғыған ойға ілесіп. Маған да шайдан ала отырыңыз деп қояды.
Адам деген шайды үш уақыт,өзінің үйінде бала-шағасымен отырып ішу керек. Кабинет шай ішетін жер емес. Не пәлесіңдер, қуықтарыңды аясаңдаршы,- деп айтайын дедім да, е қойшы құрсын, мынадай биік мінберден бытавой әңгіме айтпайын деп шештім.
Шайынан бір ұрттап қойдым. Тәтті сияқты. Тағы да өз ойыммен лағып кеттім. Шайдың дәміне қарап, кения шайы ма әлде үнді шайы ма екен деп қоям. Пияла ма екен, Шах шайы ма екен деп қоям тағы да. Ойымды үкімет басы бөлді.
-Сонымен өз ұсыныстарыңызды айта отырсаңыз. Кешегі құрылымдардың артығы қайсы, кем жері қайсы?-деді.
- ЧС-ті МВД-ға қосқандарыңыз жөн болды,-дедім. – Біріншіден өмірі болмаған, адамның миына сыймайтын нәрсе жасадыңыздар. Екіншіден бұның тиімді жағы бар. Қазір жол полициясы мен патруль полициясы қосылғалы бері бір машинада үш адам жүреді. Біреуі гаишиник, екіншісі патруль, үшіншісі автоматчик. Енді осылардың қасына қолына огнетушитель ұстатып, бір пожарникті отырғызып қойыңыздар, ваще кайф болады. Бірдеме-бірдеме өртеніп бастаса үлкен пожар келгенше анау өзі ақырындап сөндіре береді. Бұл деген үлкен эконом ғой,-дедім.
- Логично, логично,-деп басын шұлғып, мұртын шилап ол отыр. Ақылымды айтып мен отырмын. Жалғастырдым.
- Арыстанбек Мұхамедиұлының орнында қалғаны өте-мөте орынды болды. Өйткені ол кісі халықтың ортасында өте беделі бар тұлға,-дедім да мына ұсынысты тастай салдым, ортаға. – Ақыр қосқасын сол Арыстанбек мырза басқарып отырған министрлікке білім және ғылым министрлігін де, Денсаулық сақтау министрлігін де қоса салу керек еді,-дедім.
Көзі төбесіне шықты. Шок болды. Нокаут. Алты дегенде барып тілге келді.
- Не айтып отырсың?-деді.
- Сіз деп сөйлеңіз, мен сіздің құрдасыңыз емеспін және қарындасыңызды немесе қызыңызды алып отырған күйеу балаңыз да емеспін. Так что давайте не тыйкаем,-дедім.
- Сіз қызықсыз ба, Арыстанбек мырзаның медицинадан, ғылымнан хабары жоқ қой,-деді. Оппаа дедім ішімнен. Ұсталған жері осы болды.
- Дұрыс ол кісінің медицинадан, ғылым-білімнен хабары жоқ. Сонда сіздіңше ол кісінің спорттан, мәдениеттен, діннен хабары бар ма? Хабары жоқ болса да сеніп тапсырдыңыздар. Так что бұл салаларды да сеніп тапсыра беріңіздер. Ақыр бардак қылғасын доконца бардак қылыңыздар,-дедім.
- Жә-жарайды, айтқаныңызға көнейік. Екі министрлікті де Арекеңнің құзырына берейік. Оның қандай тиімді жағы бар?-деді.
- Қызықсыз ба деймін, қыз-келіншектердің бәрі сол салада емес пе...-дедім.
- Қыз-келіншегіңіз не айтып тұрған, не деп тұрсыз?-деді.
- Өтірік білмей қалмаңыздаршы,-дедім.
- Шығыңыз,-деді.
- Шығамын. Шықпағанда ше. Әрбірден кейін бұл жерге мен жазылып келген жоқпын, өзің жалынып шақырдың,- дедім.
Шығып бара жатыр едім көмекшісі: - Сіз бухгалтереяға соғыңыз, келіп-кеткен самалетіңіздің ақшасын, және Кәрім Қажымқанұлының аз-кем сыйақысы бар, соны алыңыз,-деді. Жарайды нем кетіп бара жатыр деп бухгалтереясына қарай жылжыдым. Кетіп бара жатыр едім, артымнан біреу түртті. Түртті де: - Ей, сегіз болып кетті, тұр, баланы садикке апару керек,-деді. Көзімді ашып қарасам әйелім екен.
- Ей, жаным-ау, бүгінше өзің апара салсаң бірдеңең кетер ме еді?-дедім. Сәл 10-15 минут шыдаса жаңағы самалеттің билетінің ақшасын алар едім ғой. Келіп-кеткен жолыңызға деп 60 мың теңге берсе, пойызға белет алып 6 мың теңгемен жетіп алар едім ғой.
- Елу төрт мың теңге шекеңе батар ма еді,-дедім, бұтыма шалбарымды киіп жатып. Аң-таң. Не айтып тұр дейді. Қойшы құрсын саясатқа араластырмай-ақ қояйын деп шештім. Солай. Біраз қоясын ақтарайын деп едім болмады. Әңгімеміз жарасқанда біраз нәрсе айтқым келген ғой, негізі. Қойшы бірақ, мені кім тыңдап жатыр. Просто үндемей қалды демесеңдер болды да.

(Бейбіт Сарыбайдың Фейсбуктегі парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373