Жұма, 16 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4252 0 пікір 4 Тамыз, 2014 сағат 11:32

Газа секторында 300-ге жуық бала көз жұмды

 

UNICEF Израиль режимі Газа секторына шабуылдарын бастағаннан бері 300-ге жуық палестиналық баланың көз жұмғанын хабарлады. Франц Пресс хабар агенттігінің мәліметі бойынша, БҰҰ-ның Балалар қоры UNICEF сенбі күні: «Израильдің Газа секторына шабуылдары басталғаннан бері (шілденің 8-інен) осы уақытқа дейін кемінде 296 палестиналық бала мен жасөспірім қайтыс болды» деп хабарлаған. UNICEF-тің хабарлауы бойынша, шабуылдарда құрбан болғандардың 30 пайызын балалар құрайды. БҰҰ-ның Балалар қоры сонымен қатар өткен 48 сағаттағы шабуылдарда көз жұмғандардың мәйіттерін іздестіру жұмыстарымен құрбан болғандардың саны артатындығын мәлімдеді. «Иран қазақ радиосының» ақпаратына сай Құрбан болған балалардың 187-і ұлдар, 109-ы қыз балалар болған. Осы балалардың кемінде 203-інің жасы он екіге болмаған.  

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2674
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4375