Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 13383 0 пікір 3 Тамыз, 2014 сағат 17:34

ТАҒЫ ДА ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ ...

1980 жылдардың соңын ала сілкініп шыққан Таулы Қарабақ (әзірбайжанша - Dağlıq Qarabağ) дауы 1991 жылы түтеген оқ пен оттың өлкесіне айналған болатын. Сөйтіп 1994 жылы бұл өлке тұтасымен Әзірбайжан территориясына қарап, Армениямен арадағы атыс-шабыс тоқтам тапқандай болған. Алайда, аймақты этникалық армяндар бақылауында ұстап қалған еді. Енді міне, шілденің 31-інен бастап Қарабақтың тағы да тынышы кетіп тұр. Кейбір ақпарат көздерінің таратқан мәліметтеріне қарағанда, Қарабақта 14 адам жараланып, көз жұмған көрінеді.

Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс құлағына тиісімен АҚШ жағы қатты алаңдап, екі мемлекет басшысы – Илхам Әлиев пен Серж Саргасянды бейбіт келісімге шақырып үлгерді. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Мари Харф ханым екі тарапты бітімге үндеп, бұған  ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің назар аударуын сұрады.   

«Таулы Карабақ (Nagorno-Karabakh) – Әзірбайжанның оңтүстік-батысындағы аймақ, халқының саны 144 300 адам (2002 жылғы дерек). Аумағы: шамамен 4400 шаршы шақырым, Карабақ жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұрын Иран құрамына кірген, 1813 жылы Ресей жаулап алған. 1923 жылы Әзірбайжан ССР-нің автономды облысы мәртебесіне ие болады. 1988 жылы жергілікті армян халқы әзірбайжан үкіметіне қарсы шығады, 1991 жылы (Кеңес одағы тарағаннан кейін) екі этникалық топ арасында соғыс туындайды. 1994 жылы бұл жер ресми түрде Әзірбайжан территориясына кіргенмен оны этникалық армяндар бақылауға алады» (http://kk.wikipedia.org/wiki/ ).

Естеріңізге түсіре кетейік, Таулы Қарабақ автономиялы облсы (ТҚАО) 1988 жылы ақпан айында Әзірбайжан ССР-нің құрамынан шығуға талпынды, сөйтіп 1991 жылы қыркүйекте ТҚАО-ның орталығы Степанакертте Таулы Қарабақ Республикасын жария етті. ТҚР Әзірбайжан жерінде жария етілгендіктен оны ресми Баку мойындаған жоқ, ал, Ереван қолдап шықты. Осыдан соң Әзірбайжан мен Армения арасы бүлініп, Таулы Қарабақ мәселесі әлем назарын өзіне аударды. 1994 жылы 12 мамырда тараптар өзара келісімге келіп, Қарабақ аймағы Әзірбайжанға толық қараған-ды. Әйтсе де, аймақ этникалық армяндардың бақылауында қалған соң ішінара шиеленіс болып тұрған. Сол шиеленіс осы күндері шегінен шығып бара жатқанға ұқсайды.

Армения – Қазақстан- Беларусь-Ресей үштігінен құрылып жатқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуға қызығушылық танытып жүрген ел. Арменияның бұл талабына орай ҚР Президенті Назарбаев: «Армения ЕАЭО-ға мүшелікке өтуі үшін Таулы Қарабақ дауын біржақты етуі керек», - деп ескерту жасаған болатын.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340