Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6693 0 пікір 1 Тамыз, 2014 сағат 15:29

24 KZ АРНАСЫНЫҢ "ЖАҢАЛЫҒЫ"

Мұхамбедия Ахметов – дәрігер. Бұл кісі мамандығым, кәсібім басқа деп қарап жүре алмайтын адам: тіл тазалығы үшін күресіп, бүгінгі жұрт қазақ тілінің табиғи қалпын бұзбай қолдануы үшін білгенін ортаға салып, әңгімесін әркез  батыл айтып келеді. Шаршамайды, талмайды. «Шақырғасын барамын, білгенімді айтамын... тыңдаушым қол соғып жатады... бірте-бірте бір нәтиже шығатынына сенемін...» деп жазыпты ол Facebook-тегі жеке парақшасында. Мұхаң қазір әлеуметтік желіде: қолы қалт еткен кездерде қазақ тіліне қатысты мәселелердің «қабырғасын қақыратып» тұрып «сөгіп-сөгіп» тастайды. Бізді Мұхаңның телеарналарда қызмет жасайтын журналистердің тіліне «тікендей» қадалатыны әсіресе қызықтырады. Мына суретте ол 24 kz арнасының эфирінде кетіп қалған бір қатені тап басып тауып, көзімізге шұқып көрсетіп тұр. Виртуалды әм визуалды мәдениет мидай араласып, эфирдің тілі елдің тіліне айналып бара жатқан  заманда әр азаматтың тарапынан осындай сергектік, осындай жаншырлық әбден-ақ керек шығар. Сіз де көз тігіп, құлақ түре жүріңіз: электронды БАҚ не деп жатыр?..

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282