Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3708 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 20:31

Зиян шектірген зиялыға іздеу жарияланды

Айдың-күннің аманында мүйізі қарағайдай түрколог ғалым, Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің бұрынғы төрағасы Ерден Қажыбекке іздеу жарияланып жатыр. Әрине, қылмысты болғаны үшін. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де – осы. Қысқасы, жоғары лауазымды қызметтер атқарған, алашшыл азаматтардың бірі саналатын Ерден Задаұлы пенделікке салынып, қылмысқа барған көрінеді. Бұл туралы кеше Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті. Ол комитет төрағасы болған кездері қызметтік өкілеттігін теріс мақсаттарға пайдаланған-мыс.
Филология ғылымының докторы, Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясы және Голландия шығыстанушылар қоғамының толық мүшесі Ерден Задаұлындай атағынан ат үркетін адамның мұндай іске баруына қандай себеп түрткі болды? Ол жағы әзір беймәлім.
Ресми өкіл Мұрат Жұманбайдың айтуынша, Ерден Қажыбекке мемлекет қаржысын талан-таражға салды және қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Нақты айтар болсақ, 2007 жылы Тіл комитетінің басшысы қызметіндегі Ерден Қажыбектің рұқсатымен қазақ-орыс-ағылшын тіліндегі онлайн сөздігіне тапсырыс беріліпті.

Ол үшін тапсырысты орындаушыға бюджеттен жүз пайыздық төлем жасалған. Алайда орындаушы фирма өз міндеттерін атқармаған, ал комитет төрағасы орындалмаған жұмысты «қабылдап» алып, үш актіге қол қойған. Бірақ интернет арқылы таралуы тиіс сөздік бүгінге дейін жұмыс істемейді.
«Мемлекет осы тапсырысты орындауға қажетті қаржыны толық көлемде төлеп берген. Алайда еліміздегі 20 министрлік пен тілді дамытумен айналысатын 12 мемлекеттік мекеменің мәліметтері бойынша, үштілді сөздік жұмыс істемейді. Сондықтан аталмыш сөздік мемлекеттік органдарда пайдаланылып отырған жоқ», – дейді ресми өкіл. Осылайша, комитеттің бұрынғы төрағасының заңсыз әрекетінің салдарынан мемлекетке 65 миллион теңге зиян келген. «Қазіргі таңда оған іздеу жарияланып, іздестіру шаралары жүргізілуде», – деді М.Жұманбай. Осылайша, зиялылардың да зиян шектіретініне куә болып жатырмыз. Дегенмен кім білсін, сынықтан басқаның бәрі де жұғады емес пе?! Оны уақыт көрсетер…
Мұрат Жұманбайдың мәлімдеуінше, бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов пен оның қос вице-министрі Зейнолла Сәрсенбаев пен Әлжан Бірәлиевке қатысты қылмыстық іс прокуратураға жолданған. Демек, тергеу аяқталған.
«Осы жылдың 23 мамырында Нұрлан Ысқақовқа, вице-министрлер Зейнолла Сәрсенбаев пен Әлжан Бірәлиевке, сондай-ақ «Меркурий плюс» ЖШС өкілі Әділбек Жайылғановқа қатысты қозғалған қылмыстық істер айыптау қорытындысымен қоса сотқа беру үшін прокуратураға жолданды», – деп атап өтті ресми өкіл.
Сондай-ақ ол Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы бастығы Темірлан Кәрібековке қосымша айыптар тағылғаны туралы мәлімдеді. «Темірлан Кәрібековтің және оның орынбасары Тәрбие Әлмұхаметованың үстінен қозғалған үш қылмыстық істі тексеру одан әрі жалғасуда. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 22,9 млн теңгені құрап отыр. Ол сондай-ақ «Тойота Ланд Крузер» қызметтік автокөлігін 2007 жылдың ақпаны мен 2009 жылдың наурызы аралығында отбасы мүшелерін тасымалдау секілді жеке мақсатта пайдалану арқылы 3,1 млн теңге шығын келтірген», – дейді М.Жұманбай.
Ал Астана қалалық құрылыс департаментінің бұрынғы директоры Асқар Нұрмағамбетовке қатысты іске нүкте қойылды. «Нұрмағамбетов пен осы департаменттің екі бөлімінің бастықтары Сарықұл Мұстафаев пен Айдар Махметовке лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды және бюджеттің 1 млрд 40 млн теңгесін ұрлау ісі бойынша түпкілікті айып тағылды», – деген Мұрат Жұманбай айыппен торға түскен тағы бір елордалық шенеунік – Тұрғын үй департаменті директоры Еркеболат Қабылдин жымқырған қаржының көлемі күннен-күнге ұлғайып, 91 млн теңгеге жеткенін айтты.
Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцевтің және оның орынбасары Әмірхан Кеңшімовтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тексерулер тағы бір былықтың бетін ашып берген. Қаржы полициясының мәліметінше, бұл қылмыстық іс Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау-Түркістан су құбырын тартуға бөлінген бюджет қаржысын ұрлау деректері бойынша қозғалған. «Олар атқарылған жұмыстардың нақты көлемін тексерместен, жұмыс көлемін 1,4 млрд теңге көлемінде асыра бағалап, қабылдау актісіне қол қойған. Іс жүзінде жұмыс істемей тұрған су құбырын қабылдап алу актісін Рябцев бекіткен», – деді М.Жұманбай.

Бүркіт НҰРАСЫЛ,  Астана
«Алаш айнасы» газеті 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282