БТА банк кредиторлар жиналысын 28-ші мамырға тағайындады
Алматы. 5 мамыр. ҚазТАГ- «БТА банк» АҚ банк қарыздарын қайта құрылымдау мәселесі қаралатын кредиторлар жиналысын 28-ші мамырға тағайындады, деп хабарлады банк баспасөз қызметі.
«2010 жылы 28-ші мамырда қаржылық кредиторлардың қатысуымен жиналыс өтеді, онда БТА банктің қарыздарын қайта құрылымдау жоспары талқыланады... Қайта құрылымдау жоспарына сай, банктің қаржылық кредиторларының талаптары қайта құрылымдалып, соның нәтижесінде кредиторлардың көбі нақты қаражат пен құнды қағаздар алады. БТА-ның қаржылық қарыздарын қайта құрылымдаудың осындай шарттары ақпараттық меморандумда жазылған», - делінеді сәрсенбі күні таратылған хабарда.
Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сай, қайта құрлымыдау жоспары бекітілуі үшін кредиторлардың үштен екісі осы жоспарды қолдап дауыс берулері тиіс.
Банк қарыздарын қайта құрылымдау жоспары банк пен кредиторлар арасында 18-ші сәуірде қол қойылған term sheet-те көрсетілген жоспардан айтарлықтай айырмашылығы барлығы ерекше атап көрсетілген.
«Кредиторлар өздерінің шешімдерін қаржылық қарыздарды қайта құрылымдау шарттары туралы келісімде емес (term sheet), ақпараттық меморандумда айтылған қайта құрылымдау жоспарында негіздеуі тиіс», - делінген ақпараттық хабарда.

БТА банкі активтерінің көлемі жағынан қазақстанның банк жүйесіндегі үшінші банк болып табылады. ҚБА деректеріне сәйкес, 2010 жылдың қаңтар-наурыз айында банктің активтері - Т1,94 трлн теңге, жеке капиталының тапшылығы - Т1,52 трлн болды. Аталған мерзімдегі банктің таза шығыны Т47,2 млрд болды. 2009 жылдың 2 ақпанында банктің қарпайым акцияларының «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ пайдасына мәжбүрлеп эмиссияланғаны туралы хабарланды. 2009 жылдың 20 сәуірінде банк өз кредиторларына негізгі қарыз бойынша төлемдерді тоқтата тұратындығы және банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жоспары жайында хабарлады.
2010 жылдың 18-ші сәуірінде БТА банк қайта құрылымдау шарттары туралы (Detailed Terms relating to Restructuring of Financial Indebtedness of JSC BTA Bank) кредиторлар комитетімен келісім жасасты. Банк баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған келісім кредиторлармен 2009 жылы 7 желтоқсанда қарыздарын қайта құрылымдау мәселелері бойынша жасалған келісімнің қыр-сырын нақтылайды.
2009 жылы банк $4 млрд-қа міндеттемелерін төлеуі керек болған. БТА банкі қарыздарын қайта құрылымдауыдан $10,3 млрд көлеміндегі пайцда көрмекші болған. Қарыздарға қатысты жеңілдіктер 60-82,25% аралығында болады деп болжануда.