Сенбі, 23 Қараша 2024
Өз сөзім... 6190 0 пікір 10 Шілде, 2014 сағат 10:22

ОЛАРҒА УКРАИНАНЫҢ ЫДЫРАҒАНЫ КЕРЕК

 Кейінгі  уақытта Украинадағы  жағдай  төрткүл дүниені қоса қазақ халқын да алаңдатып  отырғаны рас. Өйткені, Ресей Федерациясының өз әскерін жасырын Украина жеріне кіргізіп жатқандығы қынжылтады. Мәскеу тарапынан ұлы державалық  пиғыл басымдық алып, бұрынғы Кеңес одағындағы республикаларға, бүгінгі БҰҰ мүшесі, әлемдік қауымдастықтың мүшесі саналатын елдерге қысым жасап отырғаны жасырын емес. 1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен  12 одақтас республикалардың басшылары «Алматы декларациясына» қол қойған еді. Декларацияда Кеңестік социалистік республикалар одағы өз еркімен тарағанын  бәрі бір ауыздан мақұлдаған. Осылай одақтас республикалар өзара тәуелсіздіктерін мойындап, мемлекеттік шекараларын айқындап, бір-біріне территориялық жағынан да мызғымайды деп бекітілген.

 Ресей билігіне В.В. Путин келгелі жаңа ұлтшыл, ұлы державалық күштері ұйқысынан  оянып, осы Алматы декларациясының принциптерінен бас тарта бастады. Орыс тілді ақпарат құралдарында Кеңес одағын тарату туралы «Беловежде жасалған Украина, Белорусь пен Ресей арасындағы  келісімі заңсыз» деген пиғыл  таратыла бастады. Оның қолтығына су бүркіген радикалдық партиялары мен қоса В. Жириновский басқарған ЛДПР партиясы және басқа саяси ұйымдары мен шовинистік топтары үн қосуда. Кремльдің көксегені қайтадан басқа тәуелсіз республикаларды Ресейдің қолтығына кіргізуге, сөйтіп бұрынғы Кеңес одағының жаңа формасын «Еуразиялық одақ» қалпына келтіруге ұмтыла бастады.

Айталық, Мәскеудің тікелей қолдауымен Молдаван республикасының үштен бір бөлігін орыс және басқа да славян экстремистік күштері ұялмастан басып алды. Халықаралық қауымдастықтың бірде-бір мемлекеті мойындамағанына қарамастан Ресей «Приднептовская Республикасы» деген қуыршақ республика құрып алды. Мәскеу экстремистерге сол жерде тұрған бір полктің қару-жарағын беріп, жергілікті молдаван  тұрғындарды өз мекендерінен 24-сағатта қуып шықты. Бүгінге дейін «Приднепровская Республикасы» тікелей Ресейдің әскери, саяси, экономикалық қолдауымен ғана өмір сүріп отыр. Кеңес одағы кезінде Таулы Қарабах облысы Әзербайжанның территориясы болып келген. Ресей астыртын (армяндар крестьян болғаннан соң,) қолдаған соң Арменияның қарулы күштері Әзербайжанның аталған облысын басып алды, 1300-ден астам әзербайжанды пулеметтің астына алып жер жастандырды. Мыңдаған халқын босқын қылып жіберді. Мәскеу екіжүзділік жасап, Армения күштеп басып алған жерлерді қайтару тек қана келіссөздер арқылы ғана болсын деп, әзербайжандарға өз территориясында тұруға  жол бермей отыр.

 2008 жылы Грузия үкіметі өзінің мемлекеттік тұтастығын сақтау үшін Оңтүстік Осетия сепаратистеріне қарсы әрекет жасағанда Ресейдің қарулы күштері Грузия қарулы күштеріне қарсы соғыс ашып, қырғынға ұшыратты. Ресейдің бұл агрессиясына АҚШ, Еуропа және Азия елдері наразылықтарын  білдірді. Бұл мәселе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қаралып, Ресейге өз әскерін қайта шығаруға талап етті. Осыған орай Мәскеу грузин жерінен шегінуге мәжбүр болды. Алайда түпкі мақсаты Оңтүстік Осетия мен Абхазияны Грузия Республикасынан бөліп алу болғандықтан, әскерлерді осы аймақта қалдырды. Осы екі аймақты өзінше бөліп алып, қуыршақ мемлекет құрып, «тапқырлық» жасап,  қанатының астына алды.  

  Украина келетін болсақ, Ресей бірінші орыс тілін неге қолдамайсыңдар  деп тиісті, газдың құбырларын бірде ашып, бірде жауып қиын жағдайға қалдырды, ақшасын екі есеге көбейтемін деп озбырлық жасап күлкіге айналдырды. Екінші жағынан АҚШ пен Еуропаның ықпалы мен қысымына ұшырап отыр. Бүгінде Қырымды басып алған Ресей әскерлері Севастополь, Семфирополь және Украина әскери бөлімшелерін өз игілігіне пайдалануда, 24-сағатта 3 миллионға жуық жергілікті тұрғындарға Ресей азаматы деген паспорт таратты. Ресейден келген орыс казактары жергілікті халықты ұрып-соғып, Украинаның әкімшілік мекемелеріне жасылған украин тіліндегі жазуларды өшіріп, орыс тілінде жазып қоюда. Солай істегеніне қарамастан, Ресей президенті  уоu tube-та «То, что происходить на Украине Россия не при чем, не при делах. Крым веками  было в составе России, свое время Н. С. Хрушев отдал» деп ұялмай- қызармай, бөсіп отыр. Қырым V-ғасыр Осман Империясының территориясы болғанынан Путинның хабары жоқ болғандығы адамды ойландырмай қоймайды. 

   2014 жылдың 23 ақпан күні Мәскеуде өткен «Отан қорғаушылар күнінде» атышулы ЛДПР партиясының көсемі В.В. Жириновский тікелей эфирден «Россия-24» телеарнасынан: «Никаких республик Средней Азии. Это Среднеазиатский федеральный округ России—главный город Верный! Сегодня у него чужое название, Алма-ата мой родной город. Это придумали Узбекистан, Киргизстан, Таджикистан,  Туркменистан и Казахстан. Среднеазиатский федеральный округ». Ғаламтордағы орыс сайттарында  «На уме Путина, на языке Жириновского» деген сөздер өріп жүр. Кеңес одағының ыдырағанына 23 жыл болғанына, Орталық Азияда 5 әлем таныған тәуелсіз мемлекеттер өмір сүріп жатқанына қарамастан, осы күнге дейін Мәскеуде бұрынғы Кеңес одағын көксеп отырған  ықпалды саяси күштер барлығын көріп отырмыз.

  2010 жылы Көкшетау қаласынан шығатын «Степной маяк» деген орыс тілінде шығатын газетің сканворд бетінде «убежище бомжа казаха»  төрт әріптен тұрады деп қазақтың киіз үйін мазақтады. КТК телеарнасынан қазақтың киелі асы етке тиісіп «Бешбармақ шоу» деген бағдарламаны ойлап тапты. Роза Рымбаева мен Нұрлан Абдуллин екеуіне арнайы  қаржы  бөліп «Беш  тарту» деген  клип түсірткізіп айды  аспаннан бірақ  шығарды. Одан қала берді, Астана қаласындағы  «Үркер» бала бақшасында Абай Құнанбаев (1905-1981) деп қате жазып қойыпты. Бала бақша меңгерушісі Раушан Қаржаубаева ханым орыстілді қазақ жазып берді деп ақталды. Өскеменде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлын ергежейлі етіп қойғаны кездейсоқтық  емес, әдейі  жоспарлы  түрде жасалып  жатқандығын  көкірек  көзі  ашық азаматтардың  байқағаны  қай  заман.

  Осының бәрін есептей отыра ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресей СІМ-не жасалған нотамен шектелмей,В. Жириновский, Э. Лимонов, А. Проханов және басқа да егемендігімізге нұқсан келтіретін адамдарға Қазақстанға кіргізбеу туралы «персона нон грата» жариялап, шешім қабылдау керек деп талап етеміз. Біздің үкімет пен парламент депутаттары бүған саяси мағына бермей бос сөзбен, бір парақ қағаз жіберумен шектеліп отыр. Өз-өзіңді сыйлай білмесең, қорғай алмасаң, басқа мемлекеттердің саясаткерлері де осылай келемеж қылып, басына беретіні ақсақал  тарих талай рет дәлелдеген.

 Ресей Қырымға басып кіріп, онда заңсыз референдум ұйымдастырып өзіне қосып алған жағдай секілді, Қазақстанның   солтүстік облыстарында көп шоғырланған орыстар мен орыстілділер осы тәсілді қолдану қаупі жоқ емес. Сондықтан қазақ жерінде орналасқан барлық Ресей әскери полигондарды жабу керек, олардан зияннан басқа еш пайда жоқ. АҚШ пен Еуропа одағына мүше мемлекеттер «Украинаның аумақтық тұтастығын қолдау туралы» резолюцияны қолдап дауыс берген, ары қарай Ресейге қарсы саяси, дипломатиялық, экономикалық қысымдар жасауды жалғастыра бермек және Ресей мен НАТО, Ресей мен Еуропалық одақ елдерімен жүргізіліп жатқан гуманитарлық, мәдени саладағы келіссөздер тоқтатылды. Енді Украинаның Донецкі мен  Славянскідегі қарулы  қақтығыстардың салдарынан қарапайым халық құдайдың  құтты күні  оққа ұшуда. Жаңадан сайланған  Украина президенті  Перт Порошенко  Қырымды Украинаға қайтарамын  деп  уәде  беруде. Бірақ, бұның ақыры  немен  аяқталатыны бір  Аллаға  аян.

 

   Жұмамұрат  Шәмші,

 тарих  ғылымдарының  кандидаты

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377