Жұма, 27 Желтоқсан 2024
46 - сөз 8549 0 пікір 1 Шілде, 2014 сағат 11:18

Үкімет басшысына 100 паспорт

Жалпы, Көші-қон мәселесі, өз аяғымен елім деп келген қандастарымыздың тұрақты тіркеуге тұруда, азаматтық алуда көрген азабы мен тозағы туралы аз айтылған, жазылған жоқ.
Міне, «http://abai.kz/post/view?id=1101» - де бүгін де айтылыпты ғой, «Мұның бәрі Көші-қон туралы заңға енгізілген соңғы өзгерістердің кесірі. Айталық, өз күшімен келген ағайын тұрақты тіркеуге тұра алмайды, азаматтыққа құжат өткізе алмайды, ықтияр хат ала алмайды. Онымен қоймай осы құжаттардың бір ұшын Қытай консулына тіреп қойған» деп.
Дұрыс айтады, бұл келеңсіздікті келтіріп шығарған басқа емес, 2012 - жылы 28 - науырызда - Кәрім Мәсімов тұсындағы ҚР Үкіметінің №362 Қаулысы мен 2014 жылғы 19 ақпандағы Серік Ахметов өзгертулер мен толықтырулар енгізіп қол қойған №111 қаулы. Қанша зарлалық, екі Қаулыда да қандастарымыздың осы мәселесі ескерілмей, ақша қуып келген қайдағы бір келімсектер есебінде қаралған.
Ал, мына мәселені шешудің менше бір ғана амалы қалды:
«Арғы беттен» келіп, тұрақты тіркеуге тұра алмай, қайта көшкелі отырган сол 100 отбасының барлық отбасы мүшелері Төлқұжаттарын жинап, бір жәшікке салып, аузын желімдеп, почта арқылы Үкімет басы КӘРІМ МӘСІМОВТЫҢ адрсіне жіберу керек!
Кәрім Қажымқанұлы біле - білсе, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жолға қойып отырған нағыз «Жасыл экономика» - осы Оралмандар! Тек, құжаттану мәселесін тез, оңтайлы етіп шешіп берсе ғана болғаны, мемлекетімізге мол байлық, игілік әкеледі. Бұл - тәуелсіздіктен бергі ширек ғасырда әбден дәлелденген ақихат!
Далада шашылып жатқан ҚАЗАҚ жоқ,
Сондықтан, ІІМ-і Қ.Қасымовқа К.Мәсімов 100 отбасының мүшелерінің Төлқұжатын өз қолымен апарып, тұрақты тіркеуге тұрғызып, Қазақстан азаматтығын алып берсін!!

(Ауыт Мұқибектің фейсбуктегі парақашсынан)

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2060