Сәрсенбі, 15 Қаңтар 2025
Жаңалықтар 2904 0 пікір 6 Мамыр, 2010 сағат 07:41

Батыс ІІД көлік полициясы төрт килограмнан аса марихуана тәркіледі

Ақтөбе. 6 мамыр. ҚазТАГ - Көліктегі Батыс ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының арнайы бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын тасымалдаудың екі ірі фактісін анықтады.

Көліктегі Батыс ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Шалқошқарованың айтуынша, «Алматы-Ақтау» бағытындағы № 377 жолаушылар поезында иісшіл иттің көмегімен Теңіз кен орындарының бірінде күзетші болып жұмыс істейтін Жамбыл облысының 51 жастағы тұрғыны ұсталды.

«Оның қол жүгінен 1 килограмнан аса марихуана табылып тәркіленді. Ер адам Луговая станциясынан Күлсарыға бет алған», - деді Э. Шалқошқарова.

Осы поезда Тараз қаласының 29 жастағы тұрғыны және Қызылорда облысының Төре-Там қаласында тұратын 31 жастағы әйел ұсталды, олардың жүгін тінту барысында жол сөмкесінен 3 кг-дан астам марихуана табылып тәркіленді.

«Ұсталғандар есірткіні Қызылорда облысынан Маңғыстау облысына жеткізбек болған», - дейді ведомстводағылар.

Бұл фактілер бойынша «сату мақсатымен аса ірі көлемде есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау» бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.

0 пікір