Сенбі, 24 Қазан 2026
185 0 пікір 24 Қазан, 2026 сағат 16:58

Республика күні: Астанада «Менің Қазақстаным» ауқымды челленджі өтіп жатыр

(Сурет: Астана қаласы әкімдігінен алынды)

Астанада Республика күніне орай басталған «Менің Қазақстаным» ауқымды челленджі өтіп жатыр. Әлеуметтік желілерде ұйымдастырылған бастама елорда тұрғындарын бір бағытта тоғыстырды. Оған мәдениет қайраткерлері, шығармашылық және спорт саласының өкілдері, оқушылар, белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қатысушылар челленджге қосылып, ұлттық мерекеге арналған бейнероликтерін жариялап жатыр.

Астаналықтар жазбаларында қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, Отанға деген махаббатын сөзбен жеткізеді. бірлік, тәуелсіздік, Отанға деген сүйіспеншілік және әр азаматтың ел дамуына қосар үлесі туралы ой бөліседі. Челленджге түрлі буын мен сала өкілдері қатысып, елордада мерекелік көңіл күйдің қалыптасуына үлес қосып жатыр.

«Менің Қазақстаным» челленджі Республика күнін мерекелеу аясындағы ауқымды патриоттық бастамалардың біріне айналды. Оның негізгі мақсаты – азаматтық сананы қалыптастыру, патриоттық рухты көтеру және мемлекеттік рәміздер мен ұлттық мұраға құрметті арттыру.

Еске салайық, Республика күніне орай Астанада мәдени, қоғамдық, спорттық, білім беру және патриоттық бағытта 120-дан астам іс-шара өтіп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1195
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1656