Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 5599 0 пікір 26 Маусым, 2014 сағат 12:16

САМҰРЫҚ ҚАЗЫНА ДЕПУТАТТАРҒА "ДӘРІС ОҚЫДЫ"

«Самұрық-Қазына» депутаттарға жекешелендіру бағдарламасын  іске асырудағы негізгі қағидаларды түсіндірді

 «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы сараптамалық-консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтіп,  «Халық IPO» және Қордың компаниялар тобының активтерін жекешелендіру бағдарламаларының іске асырылу мәселелері талқыланды.

Кеңестің отырысы барысында қор жетекшілері «Кегок», «Казақстан Темір Жолы» және «Казатомпром» компанияларының акцияларын ашық ұсынысқа шығарудың ерекшеліктері туралы депутаттарға хабарлады.  «Халық IPO» іске асырылуына ағымдағы жағдайдың әзірлігі жайлы баяндалды.

Депутаттарға түсіндірді

«Бүгінгі таңда компанияларды қор нарығына шығарудың алғышарттары жасалған. Тек таяуда шешілетін техникалық мәселелері ғана қалды», - деді отырыс барысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма басшысының орынбасары Елена Бахмутова.

Кеңес барысында депутаттар «Халық IPO» бағдарламасының орындалуы тиіс ақпараттық кампаниясы мәселесін көтерді. ««Халық IPO-ның» бірінші толқынында  экономикалық тәжірибе жинақтаған адамдарды тартсаңыздар дұрыс болар еді деп ойлаймын», - деді Д. Назарбаева

 «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу бойынша директоры Жұмағали Мыңжасаров депутаттарға бағдарламаны жекешелендірудің негізгі қағидаларын түсіндірді және активтерді өткізудің мерзімдері мен тетіктері жайлы айтып өтті.  Ж. Мыңжасаров депутаттардың сұрақтарына да жауап берді.

Сараптамалық-консультативтік кеңестің мүшелерінің ойынша, алдыда тұрған жекешелендіру бағдарламасының негізгі қағидалары ашықтық және экономикалық тиімділік болуы керек.

«Жекешелендіру бағдарламасын іске асыру кезеңдері ең алдымен экономикалық тиімді болғанын қалар едім. Қор экономикалық қауіп-қатерлердің алдын алып, бұл істің барлық өрбу сценарилерін есептейді деп үміттенеміз», - деді ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Рауан Шаекин. 

 «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы сараптамалық-консультативтік кеңес 2012 жылы құрылған. Кеңестің негізгі мақсаты – қордың ең басымдылыққа ие бағыттарын дамытуда сараптамалық-консультативтік жәрдем беру. Кеңес қордың және оның еншілес компанияларының қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау. Кеңес құрамында Өмірзақ Шөкеевтің басшылық етуімен Қазақстан Республикасының парламенті депутаттары, еліміздің көрнекті қоғам қайраткерлері, заңгерлер және заңгер-ғалымдар кіреді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2057