Ресей зымыран анықтаушы соңғы спутнигін жоғалтты
"Рсесей қорғаныс министрлігі зымырандық шабуыл туралы хабар беру жүйесінің бір бөлігі болып табылатын, геостационарлық баллистикалық зымыран ұшырылуын анықтау жүйесінің "Око-1" соңғы спутнигінен айырылып қалды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Коммерсантъ" газетіне сілтеме жасап.
2012 жылдың наурыз айында орбитаға шығарылған 71Х6 аппараты жоғалып кетті. Ол жоспарланған 5-7 жыл орнына, баз бір ақауларға байланысты екі жыл жұмыс атқарған. Спутникті жасап шығаруға қорғаныс министрлігі 1,5 миллиард рубл (44 миллион доллар) қаржы мен екі жыл уақыт сарып еткен.
Қазіргі уақытта ресейлік әскерилердің еншісінде геостационарлық орбитада бірде-бір "Око-1" спутнигі қалмаған.
Абай-ақпарат