Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6457 0 пікір 20 Маусым, 2014 сағат 10:53

КИЕВТЕ ЖАМБЫЛ АТЫНДА КІТАПХАНА БАР

  

 Киевте Жамбыл Жабаев атындағы кітапхана жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Көпшілікке арналған кітапхана қаланың тарихи бөлігінде, Подолде орналасқан, деп хабарлайды Bnews.kz.

Ең алғашқы оқырмандарын аталмыш кітапхана 1963 жылдың қарашасында қабылдаған. 20 жыл бұрын, Украина тәуелсіз ел атанғанда кітапхана қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың есімін сақтап қалыпты. 

«Қиын-қыстау 90-шы жылдарда ақынның өлеңдерін сүйіп оқитын киевтіктер кітапхананың атауын сақтап қалуға көндірді», - деп еске алады кітапхана директоры Татьяна Маркевич. 

Оның айтуынша, бүгінде кітапханада 34 мыңға жуық кітап бар. Оның 100-ден астамы Жамбыл Жабаевтың шығармасы.  Сондай-ақ кітапханада Оралхан Бөкей, Мұхтар Әуезов және Абайдың туындылары сақталған. Бұған қоса, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары да баршылық көрінеді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377