Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5807 0 пікір 20 Маусым, 2014 сағат 10:20

Әдебиет пен өнерден Мемлекеттік сыйлыққа үміткерлер тізімі

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығар­малардың тізімін ұсынды, ҚазАқпараттың хабарлауынша тізім төмендегідей:

Әдебиет секциясы бойынша

Жайлыбай Ғалым - ақын. «Тобылғыжарған» өлеңдер, толғау және поэмалар. Қазақстан Жазушылар одағы ұсынған.

Мұханбетқалиұлы Қажығали - жазушы. «Тар кезең» тарихи романы. Қазақстан Жазушылар одағы ұсынған.

Оралбаев Өтеген Оралбайұлы - ақын. «Қағбаның қарлығаштары» жыр жинағы. Астана қаласының әкімдігі ұсынған.

Салықбаева Гүлнар - ақын. «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы. «Президент және халық» респуб­ликалық қоғамдық-саяси газеті ұсынған.

 

Музыка, театр және кино секциясы бойынша

Дүйсекеев Кеңес - композитор. 2009-2013 жылдары жазылған шығармалары (12 ән). Қазақ ұлттық өнер университеті ұсынған.

Кесоглу Пантелей (Лаки) Константинович - әнші. «Песня душа моя» атты жеке концерті. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұсынған.

Қыдырбек Балнұр Балға­бек­қызы - композитор. «Реквием» вокалды-симфониялық шығарма. «Қазақстан композиторлар қауым­дастығы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Теменов Талғат Досымғалиұлы - ре­жиссер. М.Әуезов «Ай-Қара­гөз...» спектаклі (қоюшы-режиссер). Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы ұсынған.

Бейнелеу өнері және сәулет секциясы бойынша

Досмағамбетов Дәурен Төле­генұлы - сәулетші. Қарағанды қала­сындағы Қ.Сәтбаевқа ескерткіш. Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Қарағанды суретшілер одағы, халықаралық Қ.И. Сәтбаев қоры ұсынған.

Авторлық ұжым: Есім Ахмет­жан Смағұлұлы, Әбілдә Төлеген Сыздықұлы, Рүстембеков Ақмырза Исаұлы, Ешкенов Ғазиз Ақзамұлы, Күлбаев Мұратбек - Алматы қаласының метрополитені. Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағы ұсынған.

Авторлық ұжым: Мырзахметов Асқар Исабекұлы, Әшірбаев Бақытжан Құдайбергенұлы, Рус­­­тамов Насир Ачилович, Шүменов Әмірхан Бекжанұлы, Бөкебаев Нұрлыжан Маратбекұлы - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені. Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағы ұсынған.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379