Қуат Домбай. ЖАҢҒЫРҒАН БАТЫРЛАР РУХЫ
Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі 2016 жылға қарай келісім-шарт негізіндегі әскери қызметке көшіру процессін түбегейлі аяқтамақ. Министрлік өкілдерінің деректері бойынша, былтыр мерзімді қызметтің 12 мың әскері қалған болатын, алайда, соңғы екі жыл ішінде олардың саны азайып, келісім-шарт негізіндегі 3 мыңнан астам әскер қабылдануы тиіс болған. Олар кімдер? Біз еліміздің қауіпсіздігін кімге сеніп тапсырдық? Украинада орын алған соңғы оқиғалардан кейін бұл сұрақтар бүгінгі таңда көкейкесті мәселеге айналды.
Өз сұрақтарыма жауап алу үшін мен жақын арада орналасқан әскер бөлімшесіне ат басын тіредім. Жол мен күткендей ұзақ болмай шықты. Астаналық әскер бөлімшесі заманауи темір қоршаумен жабдықталған екен, бізді сенім туғызатын күзет қызметі қарсы алды. Құжаттарымды тексергеннен кейін, қорғаныс министрлігінің рұқсатының арқасында бөлімшеге кіргізіп, жаныма жол көрсетуші де қосып берді. Таңғы алтыдағы сапарымыз Астана қаласының ЖОО курсанттары орналасқан шатырлы қалашықтан басталды. Келісімшарт негізіндегі әскерлер бөлімшеге жұмыс тәртібіне сай 8-00 де келді. Кәдімгі жұмыс.
Соңғы уақытта менің түсінігімде батырлар орта ғасырлардың рыцарлары болып қалыптасса, самурайлар – заманауи кәсіби әскерилер яғни офицерлер мен келісімшарт негізіндегі әскерлері болып елестейді. Олар үшін әскери қызмет жалғыз кәсіп. Ал егер шындығына келсек, келісімшарт негізіндегі әскерлер сөзі маған жағымды әсер ете қоймайды, әскери істің шебері қауіп-қатер бола қалған жағдайда, өз өмірін беруге әрқашан дайын екендігі белгілі. Ақша үшін бе? Меніңше, олай емес. Біріктіруші идея, Отан, халық, ел сияқты өз өмірінен де жоғары тұратын мән болуы тиіс. Жалақы, жеңілдіктер сияқты барлық басқа да материалдық игіліктер – осы өмірде халқынан алатын алғыс іспетті. Біздің елде солай ма? Келісімшарт негізіндегі әскерлердің өзекті ойы, халықтың алдындағы парыз деп пайымдай ма?
Дәлелсіз болмау үшін, менің әскер бөлімшесіне келудегі баста мақсатым техника мен қару-жарақты көріп қана қоймай, жүздескен әскермен емен-жарқын әңгімелесу еді. Сонымен, бұл адамдар кімдер, қай жақтан және мұнда не үшін жүргендігі жөніндегі шынайы тарих.
Cуретте: сержант Жақсыбек.
Ұзын бойлы, қараторы келген арықтау жігіт ұстап отырған қаруын сығымдап қысып, сұрақтарыма қысқа, шың көңілмен өз ойын ашық білдірді.
«Мен өзім Екібастұз қаласынанмын. Сол жердегі политехникалық колледжді бітіргенмін. Мерзімді қызметтен кейін, келісімшартқа қалу туралы ұсыныс болды. Сонымен, міне, қызмет еткеніме 6 жылға айналды.
- Не себепті?
- Маған әскери қызмет ұнайды, барлық жағдай тамаша, жалақыдан (120 000 теңге) басқа, пәтер үшін төлемақы қамтамасыз етілген , екі бөлмелі пәтер жалдап тұрамын. Үйлендім, ұлым бар. Келісімді ұзартып, әлі де қызмет етсем деген ойдамын.
Әскердің келісім-шарт негізіне көшірілуі әлемдік тәжірибе. Қазақстанда да олар сағат 8.00 ден 18.30 дейін қызмет атқарады. Демалыс күндерін үйлерінде өткізеді (бөлімшеден қалаға дейін 20 минут және қалалық бағыттағы 22 автобус жүреді). Жақсыбек жан жарын Астанада кездестіріп, шаңырақ көтерді, тұңғыш ұлдары дүниеге келді, менің түсінгенім отбасы тағыда сәби күтуде. «Ақ түйенің қарны жарылған» күнді бізде күтудеміз....
Суретте: Тоқтар, снайпер
«Тараз қаласындағы жол-көлік колледжін аяқтағаннан кейін, қысқа мерзімді әскер қызметінде болдым. Бірнеше ай демалыстан кейін, келісім-шарт негізіндегі қызметке келемін деп шештім.
- Не себепті?
- Көлікжол жұмыстары әдетте маусымдық болып келеді, жазда жұмыс болса, қыс уақыттарында жұмыс тоқтап тұрады. Ал бұл жерде жыл бойы тұрақты жұмыс бар, лайықты жалақы мен тұрғын үй үшін өтемақы қарастырылған. Пәтерді астанада жалдап тұрамын. Жақын-туыстарыма көмек көрсетемін. Інілерім мен екі қарындасым, анама жұмысым ұнайды, қолдайды. Өзіме де ұнайды, әлімжеттік көрсетілмейді, бастықтарымыз жақсы, келісімшарт аяқталғаннан кейін жалғастырмақ ойым бар. Басқа жұмыс іздеп те көрмеппін. Ұнап жатса, іздеудің не керегі бар?
Әскери бөлімшенің жағдайына келетін болсақ, темекі, азық-түлік сатылатын бір-екі дүнгіршек жұмыс істейді. Түскі ас уақыты болғандықтан, әскерлердің асханасында түстену мүмкіндігі туды. Ас әзірленетін бөлмеге арнайы бас сұқтым. Аңғарғаным, асхананың іші, ыдыс-аяқ таза ұсталады. Түстік асқа борщ пен лағман берілді. Менен басқа сарбаздармен бірге Рудный қаласының әскери-патриоттық клубының бозбалалары тамақтанды.
Әрине, бұл үкімет мүшелері мен шетелдік қонақтар жиі келетін Астана түбіндегі әскери бөлімше дерсіз. Дегенмен, бөлімше міндеті елорданың қаіпсіздігі, мұны техника мен қару-жарақ жағдайынан-ақ аңгаруға болады.
Өз пікірімді нақтылау үшін келісімшарт негізіндегі тағы бірнеше бөлімшелерге бас сұқпақпын. Алматы түбінде орналасқан Қапшағай десантты-шабуылдаушылар бригадасы 65 пайыз келісімшарт негіздегі әскери нысанға өткендігі айтылды. Егер қорғаныс министрлігі рұқсат беріп жатса, әскери бөлімшені көруге де болады. Түсінгенім – еліміздің қорғаныс жүйесіндегі Қазақстан әскерін келісім-шарт негізіне көшіру сәтті жүзеге асуда. Бұл бізді Ресей мен Украинадан ерекшелейтін бір тұсымыз, көптеген сарапшылардың пайымдауынша, бұл елдерде аталмыш бастама сәтсіз аяқталды (алғашқы бастамалары). Себебі – қазақстандық әскерге қарағанда әлеуметтік пакеттердің жоқтығы. Яғни, жалақы тең болғанымен, тұрғын үй, ҚМ гранттары сияқты жеңілдіктер өте төмен немесе мүлде болмаған.
Ат терлетіп келгендегі басты сұрағымыз біреу еді. Ол «Өз борышыңызды өтеуге дайынсыз ба?». Барлығы оң жауап қатты. Бұл хаттамалық жауап емес еді. Ол жауапты олардың көз жанарларынан көрдім. Иә, олар шынымен де біздің батырларымыз. Оларды мерзімді әскерлерге қарағанда, кәсіби дайындық пен әскери дағдылар ерекшелейді.
Ақ жол, батырлар!
Abai.kz