Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 4343 0 пікір 19 Маусым, 2014 сағат 11:42

"Қазақфильм" мен "Республика сарайын" жайына қалдырыңдар

Осылай деген депутаттар Қазақфильм мен Республика сарайын жекешелендірудің соңы жақсылыққа апармайды деп қауіптенеді. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап Zakon.kz жазды.

Алматы қаласындағы аталған мәдениет таңбаларының болашақтағы жекешелендірулерге қатысуына қарсылық білдірген депутаттар  Премьер-министрден бұл іске араласуын талап етіп, мемлекеттік мекемелердің жеке қолға өтуіне тиым салу керек деген.

Мұрат Ахмадиев, ҚР Парламент Мәжілісі депутаты:

-  «Қазақфильм» жай ғана ұйым емес, бұл ұлттық фильмдердің түсірілетін жалғыз орны. Одан басқа дәл сондай студия бізде, әлемде де, тіпті ешқайда да жоқ. Ал біз оны бизнеске айналдырғымыз келеді. Бұл «бизнестің» соңы неге соғатыны белгісіз.

Депутаттар мемлекеттік-мәдени нысандардың жекешеленіп кетуі жақсылық емес деп отыр. Олар онсыз да жанданбай отырған ұлттық кино өндірісіміз бір жола тұралайды ма деп қорқады. Ал Республика сарайы туралы депутаттар әсте абыржулы. Олар өзін өзі қаржыландырып отырған бұл нысанның сатылуын түсіне алмайды. Тіпті керек десеңіз  Республика сарайы 2-3 жыл бұрын ғана мемлекеттік бюджеттен қыруар ақша бөлініп, күрделі жөндеуден өткен болатын. Мәжілісмендер Алматы циркінің тағдырын еске сала кетті. Жекешеленуге өткен соң ондағы қызмет сапасы мүлде төмендеп кеткен болатын. Онда ешқашан қайта құрылымдау жасалмады және шығын қаражаты 50 миллион болды. Депутаттар осы жағдайдың 2-рет қайталануынан алаңдайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373