Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 7478 0 пікір 18 Маусым, 2014 сағат 12:33

Алматылықтарға арналған демалыс орны ашылды!

Алматы тұрғындары үшін жаздың бастауы ортақ пайдалануға арналған жаңа демалыс алаңының ашылуымен басталды. Қала сыртындағы демалыс орнын ашуға «Эфес Қазақстан» компаниясының қолдау көрсетуімен «PosadiDerevo.kz» республикалық қоғамдық бірлестігі бастама берді.

 

 

Бұл ұйымдастырушылардың «Таза қала» жобасы шеңберінде бірлесе атқарып отырған екінші тәжірибесі, ортақ пайдалануға арналған алғашқы алаң өткен жылы Медеуге барар жолдың бойында селден қорғау бөгетінің аумағында (Құзға өрмелеушілердің тауы) құрылды.

Биылғы жылы жаңа демалыс орны Науаи көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысындағы табиғи саябақта (Тұңғыш Президент атындағы Саябақтың көлік тұрағынан жоғарыда) орналасқан. Онда спортпен айналысып, әткеншек тебуге, төбешіктен сырғанауға арналған құрылыстар бар. Жобаның мақсаты қала тұрғындарының мәдени демалысына жайлы жағдайларды жасау, белсенді өмір салты мен табиғатқа деген ұқыпты қатынасты насихаттау болып табылады.

Алаңға келушілерге арнап экологиялық мәселер және қоқысты түр-түріне бөліп жинау бойынша ойын түріндегі тақырыптық тренинг өткізіліп, қолданыста жүрген экологиялық бағдарламалар туралы айтылды. Бағдарлама ойындармен және мерекелік аспен жалғастырылды.

Анар Қалиева - «PosadiDerevo.kz» республикалық қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі:

«Экологиялық қозғалыстың негізгі міндеттері – Алматы қаласы маңындағы ұйымдаспаған демалыс орындарын жақсарту, көріксіз қоғамдық орындарды уақытты өткізуге арналған жайлы аумақтарға айналдырып, қайта жабдықтау, қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа деген ұқыпты қатынасты қалыптастыру. Мұның барлығы қала ішіндегі және қала сыртындағы демалыс аумақтарын жандандыру үшін, қала тұрғындары табиғатқа шыққан кезде таза ауада, өз отбасыларымен жайлы демала алуы үшін өткізілуде».

«Эфес Қазақстан» компаниясы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке және сәйкесінше қазақстандықтардың, қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларға ерекше көңіл бөледі. Осы демалыс алаңы компанияның Оңтүстік астана тұрғындарына арнап жасаған кезекті сыйлығы болып отырып, бұған дейін біз Медеуге барар жолдағы алаңды түзеген болатынбыз», - деді «Эфес Қазақстан» ЖК АҚ-ның Корпоративтік қатынастар департаментінің директоры Шыңғыс Қаскеев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322