Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4181 0 пікір 17 Маусым, 2014 сағат 10:49

«НҰР ОТАН» АЙТЫС КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШПЕК

 

«Нұр Отан» партиясы айтыс пен көңілді тапқырлар клубында жастар көтерген мәселелерде шешу мәселесін қарастыруда.

Today.kz-тің жазуынша бұл туралы бүгін Партиялық бақылау комитетінің отырысында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім еткен.

Ол өз сөзінде: «Нұр Отан» партиясы бүгінде жүйелі түрде айтысқа қолдау жасауда. Айтыс арқылы біз көптеген мәселелерді көреміз. Айтыс ақындарының көтерген мәселелерін, сындарын бақылауға алып, оны шешу бағытында жұмыс істеудеміз»,-деумен қатар,  жастар алаңдарында, көңілді тапқырлар клубы құрамындағы жастар көтерген өзекті мәселелер де назардан тыс қалмай жатқандығын атап өткен. Бауыржан Байбектің сөзінше: биылғы бес айда «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларына 200 мың өтінім түсіп, оның 39 мыңы       тиісті шешім шығару үшін мемлекеттік органдарға қайта жіберілген. 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4931
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129