Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 5798 0 пікір 16 Маусым, 2014 сағат 13:48

АЗҒЫНДАП ЖАТЫРМЫЗ БА? АЗҒЫНДАТЫП ЖАТЫР МА?

Алматы қаласында көбелек суреті салынған және үгіт жүргізген анайы мәтіні бар парақшалар жер асты өткелдері мен аялдамаларда және трансформатор жәшіктерінде жапсырылған. «Экспресс К» газетінің жазуынша, онда «мен гендерквирмін», «мен осы аумақта жұмыс істеймін», «мен бисексуалмын және осы саябақта кештерде қыдырамын», «мен қызтекемін және осы дәмханада түстенемін» деген сияқты жазулар жазылған. Осындай хабарландырулар жазылған парақшалар Алматының қоғамдық орындарында периодты тәртіппен жапсырылыпты. Өкініштісі: осындай ашық жарнамалардағы бейәдеп қатынастар бүгінде ешкімді таңқалдырмайтын болып барады.  

 

Гендерквир термині алғаш рет 2001 жылы интернетте  пайда болыпты. Бұл терминді туғызушылар төлқұжатта ер немесе әйел заты екендігін көрсетуге қарсы.  Себебі олар адам туыла сала өзінің кім екенін айыруға қабылетсіз деп санайды екен. Алғашында гендерквирді талқылау бәріне күлкілі болғанымен, кейбір елдерде олардың идеясы өз өміршеңдігін көрсете бастапты. Еуропада тіпті гендерквир балабақшасы ашылған, балалар онда өз жыныстарын айтпайды және қыз бала болып немесе ұл бала болып ойнамайды екен. Бір жыныстылардың некесі Батыста арнайы мойындалды. Адамдардың азғындағаны сонша, адамды хайуанмен некелестіретін де жасырын ұйымдар бар көрінеді.

Гендерквир енді Қазақстанға да жеткен сияқты. Олардың эстафетасы қызтекелер мен бір жынысты қатынасты қалайтындарды шырғалумен тоқтамақ емес.  «Экспресс К» газеті Гагарин көшесіндегі (Алматы қаласы) аллеяда жиналған жас аналардың әлгі  парақшаларға қарсы білдірген наразылықтары туралы жазды. Олар көшеде ілінген  гендерквир парақшаларын жыртып, бұны жай қалдыруға болмайтыны айтқан. Отбасылық психолог София Ким болса: «Бұл қалжың емес, бұл ашынған адамның айқайы. Бұл біздің қалыпты, табиғи өмірімзді бұзуға арналған нәсихат. Бұндай парақшалардың мектеп төңірегінде ілінуі көңіл ауыртатын, жай қалдырмауға болмайтын жағдай. Адам өмірге ер немесе әйел болып келеді. Жыныс анықтаудан бас тарту дегеніміз – ақылға симайтын  сандырақ. Бұндай ашық үгіт парақшаларына айыппұл салып, таратушыларды түрмеге қамау керек», -деп пікір білдіріпті.

Құлақ естігенді көз көреді деген рас екен, бұрын да атыс пен шабысты, жарылыс пен террорлық шабуылдарды әлде бір қиянда, көз көрмес түгілі ой жетпес алыста болады деп еститінбіз. Сол терроризм соңғы жылдарда Қазақстанда бір неше рет болды. Жеті ата толмай қыз алыспайтын, жетімі жыламаған, жесірі жыл отырмаған қазақ даласына енді гендерквир дейтін азғындықтың нәсихаты жетіпті. Кінідігі түгілі жықпысы көрініп жүретін қыздарға көзіміз баяғыда үйренді, қыз түгілі жігіт тәнін сатқан, тіпті сондай азғындар істеген ісіне  еш ұялмайтын, ұятымыз әбден ашылған жағдайға жеттік.   Ғаламтор беттерінде қазақ қыздарының порнографиялық бейнелері күн санап көбейіп келе жатқаны да жасырын емес. Қымтана киінген қыз көрсек шу ете қалатын мына біз күннен күнге жалаңаштанып бара жатқан қоғамға шарасыз ғана көз тастап отырмыз. Енді келіп гендерквир пайда болыпты. Біздің құқық қорғау органдарымыз қандай істі болса да алдын алмай, зардабы дүйім жұртқа тиген соң ғана күресіп жатады. Бірнеше жас ананың ғана алаңға шығып, парақша жыртқанымен жоғарыдағы қауіпті үрдістің беті қайта ма? Ел боламыз десек ең алдымен ұятмызды бүтіндеуіміз жөн еді.

 

Нұрғали  Нұртай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328