Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6322 0 пікір 10 Маусым, 2014 сағат 10:14

ҰБТ-ДАН 125 БАЛЛ АЛҒАНДАР ЖЫЛ БОЙЫ ӘЖ ҚОЛДАНБАҒАН

ҰБТ-да алматылық екі түлек 11 жылғы білімін дәлелдеп 125 балл жинады. №178 лицейдің түлегі Айғаным Әбдіжаппар мен Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның бітірушісі Әсия Марат 125 балл жинап, үздік нәтиже көрсетті. «Алтын белгілерін» де ақтады. Baq.kz сайты ҰБТ-да жоғары нәтижеге қол жеткізген екі түлекпен өткізген «Ұлан» газетінің сұхбатын жариялады.

125 балл жинаған қос түлек өздерінің жетістігінің сырын былай түсіндірген:

Айғаным Әбдіжаппар: 11-сыныпқа аяқ басқалы «М-агент, вконтакте, фейсбук, твиттер, инстаграм» бәрін ұмыттым. Ғаламторға кіруден өзімді автоматты түрде шектедім. Әркім өзі шешеді, әрине. Бірақ, уақытты тиімді пайдалану үшін бұл тәсіл өте тиімді. Мен оқитын мектеп математиканы тереңдетіп оқытатындықтан, есептен қиналған жоқпын. Қалған сабақтарға таза оқулықпен дайындалдым. Өзге дерек көздеріне жүгініп, бас ауыртудың қажеті жоқ. Өйткені, ҰБТ-дағы барлық тапсырмалар мектеп бағдарламасына негізделген. Арнайы репетиторға да бармадым. Қосымша сабақты өзімнің ұстаздарымнан алдым. Маған келген нұсқада бұрын кездеспеген сұрақтар да, логикалық тапсырмалар да болды. Оларға ойымды жинақтап, саралай келе жауап бердім. Нәтижеде, жауаптарымның бәрі дұрыс болып, 125 балды еншіледім. Шпаргалка қолданбадым. Себебі, көшірудің өзін келістіре алмаймын. Қасымдағы талапкерлердің не істеп отырғанына мән беретін уақытым болмады. Басқаларға алаңдаймын деп уақыт жоғалтпау керек.

Әсия Марат: Аудиториядан шыққанда, 125 сұрақтың жауабын дұрыс шешкеніме сенімді едім. Тест кілттері шығып, менің ұпайларымды есептегенде 124 болып қалды. Осылайша қай жауаптың қате болғанын білдім. Сөйтсем, қазақ тілінен өзім күмәнданған сұрақ екен. Тест орталығы екі дұрыс жауап жазған. Осыны айтқанымда, менің жауабымды «қанағаттанарлық» деп бағалап, артынша 1 ұпайымды қосты.

Мен 11 жыл бойы үздік оқыдым. Сабақты жақсы оқығанымның арқасында осындай нәтиже көрсете алдым. Негізі, әр сыныпта жақсы оқып, оқығаныңды жадыңа сақтай білсең, тест барысында еш қиындық туындамайды.

Айғаным да, Әсия да нақты қай оқу орнына құжат тапсыратынын әлі шешпепті. Екеуінің де таңдау пәндері – география. Бір анығы олар Қазақстанда оқиды.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415