ӘЗІМХАН БЕРДАЛЫ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
«Аққу-Гәкку» әзіл-сықақ отауының продюсері Әзімхан Бердалы кеше, 63 жасқа қараған шағында өмірден озды. Консерватория қабырғасынан Бекен Жылысбаевтың класында әншілік мамандық алып шыққан Ә. Бердалы еңбек жолын Қазақстан ұлттық телеарнасында бастап, бас режиссерлік қызметке дейін өсті. Одан кейін Лұқпан Есеновтың шақыруымен 1986-2006 жылдары "Тамаша" ойын-сауық отауының директоры болды. Бір қызығы, бұл кісі өзі де өнер адамы болып тұрып, бүкіл өмірін өзге өнерпаздардың жұртшылыққа танылуына арнап келген.
Abai.kz сайты ұжымы марқұмның туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады.
Абай-ақпарат