Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4066 0 пікір 9 Маусым, 2014 сағат 09:16

АҚШ азаматы асыраған қазақстан жетімдері жыныс ауыстырмақ

Джефф және Мэри Тиммонс атты ерлі-зайыптылар Қазақстаннан үш бала, Ресейден бір бала асырап алған. Өкінішке орай, қай бала біздің елден қамқорлыққа алынғаны белгісіз. Әйтеуір ортаншы ұлы бір күні қыз болғысы келетінін, ал қызы ұл болғысы келетінін жариялаған. Ал ата-аналары болса, балалардың бұл таңдауына құрметпен қарап, олардың тілектерін орындауға бел буыпты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Экспресс-к» ақпаратына сілтеме жасап.

Нью-Йорктегі отбасының мұндай тосын жаңалығын Timesledger басылымы жариялаған. Ата-аналарының өтінішімен олардың аты-жөндері де өзгертіліпті. Гэбриэл Гэбриэллаға айналғысы келгенде ер бала небәрі төртте ғана болған екен. «Оның мінезі жұмсақ, нәзік, машина, тапаншамен емес, қуыршақтармен ойнайтын», - дейді отағасы Джефф Тиммонс.
Ағасының ізінше қарындасы Джейми де қыз емес ұл болғысы келемін депті. Джефф Тиммонс балаларының мұндай қадамына сыныптастары қалай қарайды екен деп алаңдаған.  Алайда әзірге олардың достарымен қарым-қатынастары жақсы.

Қазір Гэбриэлла тоғызда. Жыныстық жетілуге дейін оған гормоналдық дамуын тежейтін арнайы препараттар қабылдау қажет. 16 жасында ол нақты шешім қабылдауы тиіс. Қажет болған жағдайда, оған жасалатын гормоналдық терапия мен хирург скальпелі оның қыз болу арманын орындай алады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385