Бейсенбі, 15 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4094 0 пікір 9 Маусым, 2014 сағат 07:58

Пәкістанның Карачи әуежайына қарулы шабуыл жасалды

 

Пәкістандағы Карачи халықаралық әуежайының терминалына қарулы шабуыл болды. Аталған әуежайдың күзет бастығы Шаукат Джамал басқыншыларға қарсы операцияға полиция мен Пәкістан армиясы жұимылдырылғанын мәлімдеген. Лаңкестер шабуылы кезінде әуежай аумағында 3 жарылыс болыпты. BBC агенттігі Пәкістан билігіне сілтеме жасап, соңғы сағаттарда Карачи әуежайында жағдай тұрақтанғанын хабарлады. Хабарға  сай лаңкестермен болған атыста әуежайға шабуылдаушы 10 террористің түгелдей көзі жойылды. Атыс салдарынан әуежайда жалпы саны 23 адам көз жұмған,  олардың ішінде күзет қызметкерлері мен әуе компания жұмысшылары да бар.

Пәкістанның телеарналары оқиға орнынан тіекелей эфир хабарын жүргізді. Лаңкестер әрекетінің кесірінен барлық авиарейстер алынып тасталған немесе басқа әуежайға жіберілген. Әзірге Пәкістан аумағында әрекет ететін лаңкестік топтардың бірде-бірі бірі бұл шабуылды өз мойындарында алған жоқ. Алайда ел билігі аталған қылмысты «Талибан» жасады деп санайды.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2662
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4329