Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3954 0 пікір 6 Маусым, 2014 сағат 13:10

УКРАИНА РЕСЕЙМЕН ШЕКАРАДА 8 БЕКЕТТІ ЖАППАҚ

Украина үкіметі Донецк мен Луганск облыстарының Ресеймен шекарасында 32 өткізу бекетінің 8-інінің жұмысын тоқтатуға шешім қабылдады. Бұл туралы «Азаттық радиосы» хабарлады.  

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешім Украина мемлекеттік күзет қызметінің ұсынысымен украин-ресей шекарасының кейбір бөліктерінде болып жатқан оқиғаларға тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.

Соңғы уақыттары аталған облыстарда ресейшіл сепаратистердің украин шекарашыларына жиі шабуылдап, Украинаға қарулы адамдар мен қару-жарақ тиеген көліктердің кедергісіз өтіп жатқаны туралы ақпарат көбейген.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2142
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3798