ШЫҢЖАҢДА 12 АДАМ ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛДІ
Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің 6 қаласы мен округтерінің бірінші инстанциядағы соттары бейсенбі күні лаңкестікке қатысы бар деп 81 адамға үкім шығарған. Бұл туралы ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Айыпталушылардың тоғызы өлім жазасына кесілді, тағы үш адам мерзімі ұзартылып, екі жылдан кейін өлім жазасына кесілмек.
Айта кететін болсақ Осыған дейін Қытай полициясы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде мамырдың 23-інде лаңкестік қызмет пен діни экстремизмге қатысы бар деген 200-ден астам күдіктіні ұстаған болатын. Бұл топтар Хотан, Қашғар мен Ақсуда анықталған. Жүргізілген арнайы шаралар барысында полиция қызметкерлері 1,8 мың тоннаға жуық жарылғыш затты тәркіледі. Жергілікті биліктің мәліметіне сай, Шыңжаңдағы террорлық топтардың саны 2010 жылдан бастап біраз көбейген көрінеді. Былтыр олардың саны 200-ге жеткен. ҚХР билігі мамыр айында терроризмге қарсы күреске шақырып, антитеррорлық күшейтілген шараны бір жыл жүргізетін болған еді.
Абай-ақпарат