Қайрат Келімбетов: «РУБЛЬ ТҰРАҚТАНЫП КЕЛЕДІ»
Кеше Ұлттық банк төрағасы Қайрат Нематұлы тура осылай деді. Бас банктің құлағын ұстаған Қайрат мырза бұған дейін теңгенің бағамына қатысты болжамдарын үнемі АҚШ долларымен байланыстырып айтатын еді. Енді рубльмен байланыстыратын болыпты. Бас банкирдің аузынан шыққан бұл сөзге тіксініп қалдық. Бұл не сөз? Мұнымен Келімбетов не айтқысы келді?
Сонда теңгенің күні рубльге қарағаны ма? Әлде бұдан былай Қазақстан үшін рубль қаржы тұрақтылығының, валюта бағамының өлшемі бола ма?
Көңілде күдік көп. Ақша құнсызданбайды деп уәде беріп алып, аяқ астынан девальвация жасаған Қайраттан қазақ қорқатын болды қазір... Міне, ол тағы да «рубль тұрақтанып келеді» деп қорқытып отыр...
Abai.kz