Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4302 0 пікір 3 Маусым, 2014 сағат 10:59

ҚЫТАЙ ӘСКЕРИЛЕРІ КИЕВКЕ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ АЙТТЫ

Украина дағдарысы басталғалы бері алғаш рет Қытай Киевті Украинаның оңтүстік-шығысындағы операцияны тоқтатуға тікелей шақырды. "PolitOnline" порталының хабарлауына қарағанда, Қытайдың Халықтық азат ету әскері бас штабы бастығының орынбасары, генерал-лейтенант Ван Гуаньчжун өз мәлімдемесінде украин билігінен "бейбіт халыққа қарсы күштеу операциясын" дереу тоқтатуды талап еткен. Бұндай қатаң мәлімдемені ол Азиядағы қауіпсіздік жөніндегі  XIII халықаралық конференция аясында Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Анатолий Антоновпен кездесу барысында жасаған. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Айта кететін болсақ, Қытай бұдан бұрын да Украинаның жаңа билігін "елдің шығысында азаматтық соғысты тұтандыруда" деп айыптап, ал АҚШ пен Еуропаны "украиндықтарға ықпал етті" деп сөккен. Сондай-ақ Ресей мен Қытай алғаш рет біріккен ғаламдық әскери оқу-жаттығуларды бастады. Оған АҚШ-тың әскери сарапшылары "Америкаға қарсы екі ядролық державаның әскери бірігуі қауіпті" деп баға берген.

Сондай-ақ, Қытай әскери лауазымдыларынан  тыс,  Украина мен Батыстың атына Францияның "Ұлттық фронтының" басшысы Мари Ле Пен қатты сын таққан. Оның пікірінше, Украинадағы дағдарыс пен қантөгістің айыбы Еуропа мен АҚШ-тың мойнында. "Америкалық нұсқаушы сипатындағы ЕО Ресей үшін тиімсіз" - деген ол Ресей президенті Владимир Путинді мақтан тұтатындығын жеткізген.

 

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347