Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5101 0 пікір 23 Мамыр, 2014 сағат 10:08

«КЕЛІННІҢ» ЕНЕСІ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ

 

Кеше, 22 мамырда айтулы актриса Тұрахан Садықова 72 жасына толған шағында қайтыс болды. Актриса 1960-шы жылдардың соңынан бастап М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында жарты ғасырға жуық еңбек етті. 

Ол  Алматы облысы Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданындағы  Қарасазда  дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Нарынқол халық театрында актриса болды.  С. Адамбековтың  пьесасы бойынша қойылған «Күн мен көлеңке»  спектакліндегі Шоқбике рөлі үшін республикалық байқауда 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

1966-1968 жж. М. Әуезов атындағы академиялық драма театр жанындағы студияны оқып-бітіріп, осы театрға режиссердің көмекшісі қызметіне алынды,1970 ж. актерлік құрамға ауыстырылды. 1979-1984 жж. республикалық П .Чайковский атындағы музыка училищесінің прима-қобыз класын,1999-2002 жж. Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетінің психология факультетін  сырттай оқып бітірді.

Үлкен сахнадағы алғашқы еңбегі М. Әуезовтің  «Қарагөзіндегі»  Ақбала. Одан бері көптеген рөлдерді орындады. Атап айтқанда, Қ. Шаңғытбаев, Қ. Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Гүлшара, Н. Хикметтің «Фархад - Шырынында»  Күтуші, Ш. Айтматовтың «Ана - Жер-анасында» көрші әйел, Ұйғын мен  И. Сұлтановтың «Әлішер Науаиінде» Энага,  Қ. Мұқашевтің «Жамалында» әйел,  «Парторгында» Қатира,  Ш. Құсайыновтың «Алдар көсесінде» Алдар көсенің әйелі,  Ғ. Мүсіреповтің «Амангелдісінде» Замана,  Иран-Ғайыптың «Шыңғысханында» Кетбұға жырау, А. Сүлейменовтің «Кек» драма диалогында Аруақ - елес, Т. Нұрмағамбетовтің «Кемпірлерден шыққан дауында» Мұғалима әйел, сондай-ақ Шекспирдің  «Асауға - тұсауында» трактирші әйел, Б. Брехттің «Тоғышардың тойында» Ана образдарын сомдаған. 

«Жаужүрек мың бала», «Сталинге сыйлық», «Отырардың күйреуі», «Келін», «Ұлжан» сияқты  отыздан астам  кинофильмдерге түсті. Тұрахан Сыдықова Ұмай ана рөлін орындаған кинорежиссер Е. Тұрсыновтың  «Келін» көркем фильмі  2009 жылы  Америка  кино академиясының  «Оскар» сыйлығына ұсынылып, үздік тоғыздыққа ілінген болатын.  Осы  рөлі үшін актриса ҚР Киногерлер Одағының «Құлагер» Ұлттық кино сыйлығына ие болды.

Бүгін, 23 мамыр, Алматы облысы, Нұра кентінде марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді. Abai.kz ұжымы марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2278
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596