Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4651 0 пікір 22 Мамыр, 2014 сағат 15:55

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК ӘСКЕРИ РЕЙТИНГТЕ СОҢҒЫ ҚАТАРДА

Strategypage.com сайтында жазылған сараптамада  Қазақстан қарулы күштерінің коэффиценті 100 пайыздық жүйе бойынша тоғыз пайыз деп бағаланды. Он балдық жүйе бойынша Қазақстан әскери дәстүрлері «екі», ал басқару сапасы «бес» деген баға алған.
Бұл туралы «Азаттық радиосы» жазды. Биыл Қазақстан бюджетінен қорғаныс саласына екі миллиардқа жуық доллар бөлу қарастырылған еді. Қазақстан қаржы министрлігі деректері бойынша, 2014 жылға арналған республикалық бюджетте қорғаныс саласына 362 миллиард 700 миллион теңге бөлу жоспарланған. Бұл - бюджеттің жалпы шығысының шамамен 5,3 пайызы, яғни екі миллиард АҚШ долларын құрайды. Армияға қыруар қаржы бөлінсе де, халықаралық сарапшылар елдің әскери қуатын әлсіз деп бағалайды. Қазақстан қарулы күштері нақты құрамы әскери құпия болғанымен, түрлі дерек бойынша, оның саны 60-65 мың адам шамасында деп бағаланған.

Ал Батыстың тағы бір институты - Global Firepower зерттеу ұйымының дерегі бойынша, әскери қуат рейтингінде Қазақстан 106 елдің ішінде 80 орынды иеленген. Бұл рейтингте 21 орында тұрған Украина болса қару-жарағының 90 пайызы ескірген деп саналады. Украинадағы соңғы оқиғалар елдің қарулы күштерінің шығыстағы сепаратистерге қарсы тұруға қауқарсыз екенін көрсетіп отыр.

Әскери доктринаға сәйкес, мемлекет жоғары дәрежелі шиеленіс кезінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұжымдық жүйелердің көмегіне сүйенеді. Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымы (ҰҚКҰ) және Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) сияқты ұжымдық ұйымдарға мүше. Бұл екі ұйымның негізгі ойыншылары – Ресей мен Қытай. Әскери әлеуеті жағынан екі елдің армиялары АҚШ армиясынан кейін екінші және үшінші орында тұр.

 

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383