Жұма, 2 Желтоқсан 2022
Қоғам 4153 0 пікір 20 Қаңтар, 2015 сағат 17:53

ЖАҢА-СЫН ҚАТЕРЛЕРДІ РЕСЕЙМЕН БІРГЕ КЕШІП ӨТУ МҮМКІН БЕ?

2007 жылы басталған әлемдік экономикалық  дағдарыс кезінде ел ішін аралап шыққан Елбасымыз: «Мен ауыл адамдарымен жүздестім. Олар маған: «Сендер «дағдарыс-дағдарыс» дейсіңдер, сол дағдарысты біз тіпті сезініп те отырған жоқпыз» деді» деп күлген еді. Иә, ол дағдарысты көңілі дағардай тоқ қазекең даңғырлап жүріп өткізген-ді. Әлгі аталған дағдарыс 2007-2009 жылдар аралығында бір жақты тиянақ тапқандай болған. Сөйтсек тиянақ таппаты, керісінше бүгінгі дағдарыстың бүлік басы сол дағдарыстан басталып жатқанға ұқсайды.

Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар үйінде «Жаһандық сынақ уақыты: жаңа сын-қатерлер» атты дөңгелек үстелде ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Ләззат Мұзапарова (суретте) әлемдік экономикалық дағдарыстың бес негізгі себебінің бірі ретінде осыны  атады.

«Әлемдік экономиканы шарпыған қазіргі дағдарыс 2007-2009 жылдардағы  қаржылық-экономикалық дағдарыстың жалғасы болып табылады. Себебі жаһандық жүйенің кесірінен туындаған 2007-2009 жылдардағы дағдарыстың фундаменталдық кемшіліктері  дер кезінде шешілген жоқ», - деді ол.

Бұдан кейін  Ләззат Мұзапарова ханым әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың  себебі мен салдарына айналған   негізгі бес мәселеге тоқталды.

«Біріншіден, әлемдік нарықты орталықтандырып, реттеп тұратын мүмкіндіктің жоқтығы, екіншіден, әлемдік экономиканың нақты секторымен салыстырғанда қаржылық саланың озық дамуы. Бұндай жағдайда ақша өндіріске емес, әлемдік нарықтардағы спекуляцияға түседі. Үшіншіден, шикізатқа бағаның деформациясы  ықпал етті», - деді ол.

Осы орайда институт өкілі шикізат бағалары әлемдік қаржы нарықтарындағы ақша көлеміне көбірек тәуелді бола бастағанын атап өтті.

Төртінші кемшілік - қазіргі қолданыстағы қаржылық жүйенің жұмысы - бұл инвестициялық талаптардың бұрмаланған жүйесі.  Бұл жүйе әлемдік рейтингтік агенттіктердің объективсіз рейтингтеріне негізделгенін әшкереледі. Сондай-ақ, бесінші кемшілік - дамыған елдердің шаруашылық субъектілері мен үй шаруашылықтарының шамадан артық несилендірілуі және шектен тыс қарыздарға қызмет көрсетудің күрделене түсуі.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Ләззат Мұзапарва дағдарыстың бес себебін осылайша тізіп шықты. Әрине, кез келген дағдарыстың шегі болады. Бұл дағдарыстан да әлем жол табуы ықтимал. Ең бастысы: дағдарысты әлем халқымен біріге отырып жеңген жөн шығар. Алайда, тұйыққа тірелген Ресей экономикасымен бірге бүгінгі жаңа сын-қатерлерді  кешіп өту Еуразиялық одақ жағдайында мүмкін бе? Қазақ халқын, міне, осы жайт бәрінен бұрын қатты толғандырып тұр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Қандастар қазаққа, Қазақстанға не берді?

Райыс Әріпжанұлы 1369
Алашорда

Түркілік тек және түркі-моғол бірлігі

Жәди Шәкенұлы 656
Қауіп еткеннен айтамын

Газдың геосаяси «геморройы»

Әміржан Қосан 834