Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 8349 0 пікір 18 Қаңтар, 2015 сағат 23:44

Ахметбек НҰРСИЛА. ӘНШІЛІКТІҢ ПАРҚЫ

Бұрын, менің ойымша таза әншілер өте аз болған. Халық әнші деп: Біржан салды, Ақан серіні, Әсет Найманбаевты, Мәдиді, Жаяу Мұсаларды және осындай биік тұлғалы өздері ақын, өздері композитор, өздері орындаушы өрелі, білімді, кісілікті тұлғаларды таныған, құрметтеген, ЖҰЛДЫЗ деп таныған. Олар соған татитын да еді.

Әншілік қасиет ақыл ойды сонша талап қыла қоймайтын, кісілікті, білімді сондай қажет ете қоймайтын қасиет пе деп ойлаймын. Өйткені қай ұлтта болмасын керемет әншілер екі сөзді қосып сөйлей алмайды ( бәрі емес әрине, бірақ көбі). Сөздерін естігенде ұялып, қарның ашып отырады! Олар ешқашан елге өнеге көрсететін, үлгі болатын, ақыл айтатын, ұрпақтың еліктейтін тұлғасы бола алмайды!

Қазіргі «Жұлдыз» санап жүргендер тек ақылының емес, даусының ғана әдемілігімен, тиынды ғана тани алатындай ақылы бар әншілер. Әншілігінде гәп жоқ шығар. Соларды тек шаршағанда «көңіл көтеруге» ғана жарайтын қызметкерлер деп қабылдаса болады халық. Бұрынғы кезде бай патшалар көңіл көтеруге биші, әншілерді шақырып алып, өлеңін айтқызып, билетіп алып қоя беретін еді ғой.

Оларға хабар жүргізіп, халық көретін ТВ - ның бетін беріп қойған, соны істеп отырған қолында билігі барлардыкі де дұрыс емес, соларды көріп, тойға шақырып жиған - тергенімізді беріп жүрген біздікі де дұрыс емес-ау!

(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5411