АХМЕТОВ ӘРІ ҚАРАЙ ОТЫРАДЫ
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының қаулысымен Серік Ахметовтың үй қамақта болу мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Яғни, жемқорлыққа қатысты айыпталған бұрынғы әскербасы 18 ақпанға дейін өз үйінің ауласынан ұзап шыға алмайды.
Қазақстандағы танымал шенеунік ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің айыптауы бойынша күдікті деп танылып, Қарағанды қаласындағы жеке үй-жайынан шықпай отырғалы 2 ай мерзім өткен еді. Тергеу ісінің созылып кетуіне байланысты мырзақамақтың уақыты тағы да ұзартылды.
Ал, Серік Ахметовке тағылған айыптың бір ұшы Қарағанды облысының экс-әкімі, қазір қамауда отырған Бауыржан Әбдішевтің ісіне барып тіреледі. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен айыпталғандар қатарында осы облыстың тағы да бірқатар лауазымды тұлғалары бар.
Абай.kz