СЭС энергеткиалық ішімдіктерде зиянды заттар бар-жоқтығын тексеруді әлі аяқтаған жоқ
Алматы. 12 мамыр. ҚазТАГ - Әділ Урманов. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің комиссиясы энергетикалық ішімдіктерде адам ағзасына зиянды қоспалардың бар-жоқтығын тексеруді әлі аяқтаған жоқ, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық жұмыстарға қадағалау жүргізу комитетің төраға орынбасары Лариса Пак.
«Санэпидқадағалау комитеті энергетикалық ішімдіктер бойынша мәселені қарастырып жатыр. Олар тексеруден өткізген ішімдіктерде олардың сатылуына тиым салуға тұрарлықтай зиянды заттар табылған жоқ. Бірақ олар бүгінге сол тағамдарды зерттеп жатқанын білемін», - деді Л. Пак, ҚазТАГ тілшісінің сауалына сәрсенбі күнгі Алматыдағы баспасөз мәслихатында жауап беріп.
Сонымен қатар Л. Пак оның нәтижесі қашан белгілі болатынын нақты айта алмады. Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрлігі қазақ тағамтану академиясымен бірге энергетикалық ішімдіктердің құрамы мен оның адам ағзасына әсерін зерттеп жатыр.
Сонымен қатар энергетикалық ішімдіктерді экспорттаушылар мен отандық өндірушілердің тізімі жасалып, олар сататын ішімдік түрлері анықталуда.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінше аталған өнімді мектепке дейінгі және жалпы білім мекемелерінде сатуға тиым салынған.

Бұрын хабарланғандай, парламент мәжілісінің депутаты Владимир Нехорошев денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтен энергетикалық ішімдіктерді (алкогольсіз, әлсіз алкогольді, алкогольді) сатуға тиым салу бойынша шаралар қолдануын өтінген болатын. Ол аталған ішімдіктер қазақстан жастарының арасында өте кең таралғанына налынды. Ол осы ішімдіктер құрамына ағзаға зиянды синтетикалық және химялық препараттар кіретінін, және оларды пайдалану жүрек ауруын тудырып, жүйке жүйесіне әсер етіп, асқазан мен бауыр т.б. ауруларына соқтырады деп атап өткен.