Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2645 0 пікір 13 Мамыр, 2010 сағат 06:32

Сенат Назарбаевқа «ұлт лидері» мәртебесін беретін заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Астана. 13 мамыр. ҚазТАГ - Парламент сенаты бейсенбі күні кеңейтілген отырысында кейбір конституциялық заңдарға тұңғыш президент-ұлт лидерінің қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер жобасын және ілеспе түзетулерді мақұлдады. Осылайша құжаттар қабылданды деп есептеледі және қол қою үшін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолданады.

Мәжіліс депутаттарының тобы ұсынған түзетулер ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өкілеттіктерін регламенттеумен «ұлт лидері» мәртебесін беруді қарастырады.

Тұңғыш президент - ұлт лидері тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар міндетті түрде қарауға тиіс мемлекет құрылымына, елдің ішкі және сыртқы саясатына, қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелер бойынша Қазақстан халқына, мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға бастамаларымен шыға алады.

Заңдар мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша бастамаларды Н. Назарбаевпен келісу қажеттілігін, оны президенттің өкілеттіктерін атқару кезінде және олар аяқталған соң жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікке тартпауды қарастырады.

Сонымен қатар, тұңғыш президент - ұлт лидерін ұстап, қамауға алуға, тінтуге, одан жауап алуға немесе жеке тінту жүргізуге болмайды. Заң жобасымен тұңғыш президент - ұлт лидерінің заңды қызметіне кедергі жасағаны, оның бейнесін бүлдіргені, халық алдында ар-ожданына тіл тигізгені немесе ҚР тұңғыш президенті-ұлт лидерінің ар-намысына басқа әрекеттермен нұқсан келтіргені үшін жауапкершілік енгізіледі

Заңдар Н. Назарбаевтың және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің мүлкіне қол сұқпаушылық кепілдігін береді. Бұдан басқа, депутаттар Н. Назарбаевтың өміріне қастандық жасауды лаңкестік қылмыстар санатына жатқызуды ұсынды. Қазақстан елордасында тұңғыш президенттің мүсінін орнату қарастырылып отыр.

«Қазақстан Республикасы президентінің өміріне қол сұғу» деген 167  бап 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе өлім жазасын (өмір бойы бас бостандығынан айыруды) қарастырады.

Бұл заңдармен «ҚР-дағы сайлау туралы», «ҚР президенті туралы» және «ҚР-дың тұңғыш президенті туралы» конституциялық заңдарға, ҚР қылмыстық кодексіне түзетулер енгізіледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407