Дүйсенбі, 26 Қазан 2026
Жаңалықтар 120 0 пікір 26 Қазан, 2026 сағат 16:25

Уразбахтин «Қайраттан» кетті...

Сурет: sports.kz сайтынан алынды.

Алматылық «Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кетуге шешім қабылдады. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Клуб басшылығы бұл шешімін қабылдап, өтінішін қанағаттандырды.
Рафаэль Радикович 2024 жылғы қыркүйекте негізгі команданың бас бапкері атанды. Оның басшылығымен алғашқы маусым қорытындысы бойынша алматылық клуб Қазақстан чемпионы атанды.

2025 жылы оның жетекшілігімен «Қайрат» Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, чемпиондық атағын қорғады. Клуб тарихында алғаш рет UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Ал 2026 жылғы маусымда команда UEFA Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығып, ел біріншілігінде күміс жүлдегер атанды.

Бас бапкер міндетін енді бұған дейін «Қайрат-жастар» тізгінін ұстаған Жора Арутюнян атқарады. Оның жетекшілігімен команда «Алтайға» қарсы алдағы матчқа дайындалады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1213
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1694