Қостанайлық «Тобыл» футболдан Қазақстан чемпионатының оныншы турынан кейін жеке лидер атанды
Алматы. 13 мамыр. ҚазТАГ - Қостанайлық «Тобыл» көкшетаулық «Оқжетпесті» 4:0 есебімен тізе бүктіріп, футболдан Қазақстан чемпионатының оныншы турынан кейін жеке лидер атанды.
Жеңімпаздар құрамасында екі реттен гол соққандар: Нұрбол Жұмасқалиев және Ұлықбек Бақаев.
Шымкенттің «Ордабасы» командасы астаналық «Локомотив» құрамасынан 3:1 есебімен басым түсті. Александр Трайкович матчтың бірінші голын соқса, ойынның екінші жартысында Ұлықбек Асанбаев есепті алаң иелерінің пайдасына 2:0 етті. Осыдан кейін қонақтар бір гол соқты, бұл жолы Сергей Хижниченко ерекшеленді. Алайда Александр Митрофановтың арқасында матч қорытындысы «Ордабасы» жеңісімен аяқталды.
Қарағандылық «Шахтер» «Тараз» командасынан 2:0 есебімен басым түсті. Алаң иелері құрамында гол соққандар: Андрей Финонченко мен Гедеминас Вичюс.
«Атырау» талдықорғандық «
Оралдың «Ақжайығы» алматылық «Қайратпен» тең ойнады, есеп 2:2. «Ақжайық» капитаны Алексей Мальцев ойынның бірінші жартысында соққан екі гол алаң иелері жанкүйерлерін ұзақ қуантқан жоқ, Сергей Куцов, Шынғыс Әбуғалиевтардың голдары матчтың есебін теңестірді.

«Ақтөбе» мен павлодарлық «Ертістің» ойыны есеп ашылмай-ақ, аяқталды.
Оныншы турдан кейін 23 ұпаймен қостанайлық «Тобыл» командасы жеке көшбасшылыққа шығып отыр. Екінші орында - 21 ұпай жинаған павлодарлық «Ертіс». 20 ұпайы бар қарағандылық «Шахтер» үшінші орынды қанағат тұтты.
Футболдан ел чемпионатының он бірінші туры 20 мамырда өтеді.