Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5689 0 пікір 4 Желтоқсан, 2014 сағат 11:28

ЖАҢАӨЗЕНДЕ ЖАЗУШЫНЫҢ БЮСТІ АШЫЛДЫ

1-желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай және «Өзенмұнайгаз» АҚ 50 жылдық мерейтойына байланысты, 28-қараша күні Жаңаөзен қаласындағы Р.Өтесінов атындағы спорт кешені жанынан белгілі мұнайшы, қаламгер-жазушы, Өзен мұнай газ өндіру басқармасының алғашқы басшысы Рахмет Өтесіновтің бюсті ашылды.

Салтанатты шараға «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Мақсат Ибағаров, Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Тұрымов, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Қайырбек Елеусінов, Р.Өтесіновтің жұбайы С.Қарабалина және балалары, үзеңгілес жұмыс істеген мұнай саласының ардақтылары, жаңаөзендік жұртшылық қатысты. «Рахмет Өтесінұлы 1964-70-жылдары Өзен мұнай газ өндіру басқармасының алғашқы басшысы болды. Мұнай саласында шыңдалып өскен майталман маман сол кездері жаңадан ашылған Өзен кен орнының игерілуіне, қалыптасуына орасан зор еңбек сіңірді. Жаңаөзен қаласының ірге тасын да абзал азамат өз қолымен құйды. Ештеңе жоқ сары далада алып кенорынды игеру, жаңадан қала салу тек Рахмет Өтесінұлы секілді алыптардың ғана қолынан келетін іс. Біз осындай ел ардақтасын мақтан тұтуды, ардақтап отыруды өзіміздің борышымыз санаймыз. Болашақ ұрпақтың жадында сақтау үшін Р.Өтесінұлы атындағы спорт кешенінің жанынан Р.Өтесіновтің бюстін ашуды көздеген едік. Баршаңызға мереке оң болсын» деді өз сөзінде бас директор Мақсат Ибағаров.

Сонымен қатар, осы күні Өзен кен орнының ең алғашқы мұнай бұрқағы алынған №1 скважина монументі ашылды. Монумент «Өзенмұнайгаз» АҚ 50 жылдық мерейтойына орай қайтадан жаңғыртылып отыр. «1961-жылы Өзен кенорнынан алғашқы бұрқағы алынды деген хабар сол кездегі Кеңестік республикалардағы ең үлкен жаңалықтың бірі болды. Өйткені, Өзен кенорны секілді мұнай қоры мен оның құрамының аса бай болуы әлемде өте сирек кездесетін құбылыс. №1 скважинадан атқылаған алғашқы мұнай тамшысы Жаңаөзен қаласының болашақ тағдырын шешті, Маңғыстау өңірінің индустриялық өмірінің алғашқы күнінің бірі болды. Сол себепті, мен дәл осы мұнайдың алғашқы тамшысы жарыққа шыққан жерді киелі деп есептеймін. Оны қазіргі жас буынның, болашақ ұрпақтың ұмытуға, тәу етпеуге қақысы жоқ. Ал осы жерде қайтадан жаңғырып, іске қосылған монумент Өзеннің өткен өмірінің тірі куәгері болып тұра береді деп есептеймін» деді салтанатты шараға қатысқан ел ардақтысы Нұрлыхан Бекбосынов.          

Шара барысында бірқатар мұнай ардагерлері «Өзенмұнайгаз» АҚ 50 жылдық мерейтойына орай мерекелік төсбелгілермен марапатталды. 

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351