ПӘТЕРЛІ БОЛУДЫҢ ЖОЛЫ БАР
«Абай.kz» порталының редакциясына хабарласқан оқырман соңғы кездері тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жайында жағымды ақпараттарды жариялай бастағанымызға ризашылығын білдірді. «Әсіресе, «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысты қазақ тіліндегі ақпараттарға зәруміз. Осы бағдарламаға қатысты жиі жазсаңыздар» деген өтініш айтты.
Біз өз кезегімізде еліміздегі бірегей қаржы ұйымы – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» бірлесіп барша қазақ баласына қажетті ақпараттарды жариялауға әзірміз.
КЕРЕК ДЕРЕК:
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бас операторы болып табылады. Ал, тұрғын үй салуды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Тұрғын үйді сатып алуға жинақтау жүйесі арқылы қатысуға болады. Яғни, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары еліміздің кез-келген қаласында салынған жаңа пәтерлерді сатып ала алады.
Тұрғын үйдің таза әрленген 1 шаршы метр үшін бағасы:
• Алматы қаласы - 142 500 теңге
• Астана және Ақтау қалалары – 112 500 теңге
• басқа аймақтарда - 90 000 теңге