Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4754 0 пікір 26 Қараша, 2014 сағат 16:55

БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

 

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен  Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Бұл келісімнің нәтижесінде Бөрлі ауданына қарасты Ақсай қаласының Қарашығанақ-1 шағынауданында барлық санатты азаматтарға арналған 144 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. Салынатын тұрғын үйде барлығы 144 пәтер болады. Оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша тапсырылатыны 72 пәтер. Баспана бағасы – 1 шаршы метрге 100 000 (жүз мың) теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың қыркүйек айының соңы.

Ал, тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі 2015 жылдың  30-маусымынан басталмақ.  

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2470
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4142