Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2074 0 пікір 15 Мамыр, 2010 сағат 12:05

Бакиевтердің әулетінің ауылында Қырғызстанның экс-президенті мен оның жақын туыстарының 6 үйін өртеп жіберді

Бішкек. 14 мамыр. ҚазТАГ - Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы Созақ ауданы Тейіт селосында республиканың экс-президенті Құрманбаек Бакиев пен оның туыстарына тиесілі 6 үйді жағып жіберді, деп хабарлайды оқиға орнынан ҚазТАГ тілшісі.

Оның мәліметтерінше, 21 сағат 35 минутта Қ. Бакиевтің жеке өзінің, оның әкесінің, ағасы Мараттың және тағы жақын үш туысына тиесілі үйлер өртелген.

Ауданның құқық қорғау органдарының мәліметтерінше, «өрт кезінде зардап шеккендер мен қаза болғандар болған жоқ, себебі бұл үйлер соңғы кездері бос тұрған» дейді.

Сондай-ақ өрт кезінде ауылдағы басқа үйлерге зақым тимеген. Сонымен бірге Жалал-Абадтағы тақтан тайдырылған президенттің бір ағасына тиесілі «Строймаркет» компаниясының ғимаратын өртеп жібергені белгілі болды.  

ҚазТАГ тілшісінің хабарлауынша, жұма күні таңертеңнен Бакиевтер кланына тиесілі Тейіт ауылында экс-президенттің жақтаушылары мен уақытша үкімет төрағасының орынбасары Өмірбек Текебаев басқаратын «Ата - Мекен» партиясының өкілдері арасында қақтығыс болған. Бұл текетірес күні бойы үш рет қарулы атысқа ұласқан. Соның нәтижесінде жараланғандар мен өлгендер де бар.

«Қақтығыс нәтижесінде 1 адам өліп, 59 адам жарақаттанып, олардың 15-і ауыр халде жатыр», - деп хабарлады ҚазТАГ-қа денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Баялинова. Бұл ретте ол атыс құрбандары бұдан да көп болуы мүмкіндігін жоққа шығармады. «Олар жайында денсаулық сақтау органдарына ешкім жүгінген жоқ», - дейді министрліктің баспасөз хатшсы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінше, зардап шеккендердің көбі оқтан, өткір заттан кесіліген, тесілген жарақаттар мен бас сүйегінен зақымданған жарақаттар алған.

Тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендердің барлығы Жалал-Абад облысының ұлты қырғыз тұрғындары.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435